Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
3551 1 пікір 4 Қазан, 2018 сағат 12:28

Ақтаулық оқушы жарты сағатта 30 мың есеп шығарды

Ақтаулық оқушы Орынгүл Арыстан менталды арифметикадан әлемдік рекорд жаңартты. Он бір жасар жеткіншек Санкт-Петербург қаласында  өткен байқауда 26 минут 26 секундта 30 мың есепті шығарған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Орынгүл Ақтаудағы №17 мектептің 6-сыныбында оқиды. Ол оқушылар арасында «есепке жүйрік» қыз атанып кеткен. 1 минутта 25-30 есепке дейін ойша шығара алады. Дарынды жас Санкт-Петербургте ментальды арифметикадан өткен чемпионатта шапшаңдығымен талайды таңқалдырды. 120 мемлекеттен келген 150 қыз арасында үздік шығып, жеңімпаз атанды. «Шетелден көптеген достар таптым. Осыдан бір жыл бұрын Малайзияда өткен жарыстың қатысушыларын кездестірдім. Қатысқаныма 2 жыл ғана болса да, біраз жетістікке жеттім. Қуаныштымын!»,-дейді Орынгүл.

Ақтаулық оқушы жарты сағатта 30 мың есеп шығарды

Азия рекорд кітабы және әлемдік рекорд кітабы өкілдерінің шешімі бойынша, осы жарыста тарихта алғаш рет  ұзақ математикалық есеп шығарылған.  Орнатылған рекорд  арнайы WORLD BOOK RECORDS (WBR) кітабына енгізілген. «Осы жарысқа қатысу арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік деңгейде таланты мен дарынын дәлелдеді. Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығарды. Қуанышымыз шексіз»,-дейді ұстазы Қарлығаш Абдреимова. Орынгүл Арыстан халықаралық интеллектуалдық даму академиясының «UCMAS» атты  Актаудағы филиалында оқып жатыр. Қазір 4-деңгейге жеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1234
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2948
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3299