Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4378 1 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 09:31

Ішкі істер министрлігінің тағы екі шенеунігі ұсталды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қамауға алынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

Агенттік өкілінің сөзінше, министрлік шенеунігі жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген. Ұсталған шенеуніктің аты-жөні жарияланбады.

Бастарованың айтуына қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жедел іздестіру шаралары барысында департамент басшысының орынбасары "Қазақстан" жылу-энергетикалық кешені" фирмасының аймақтық басшыларына Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстары мен басқа да облыстарда жанармай ұрлауда қамқорлық танытқанын анықтаған. Тергеу кезінде топ адамның алдын ала сөз байласып, ай сайын "Қазақстан" жылу-энергетикалық кешен" фирмасының қоймаларындағы "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына тиесілі дизельді ұрлағаны анықталған.

Шенеунік аталған фирманың аймақтық басшыларынан шілде-қыркүйек айларында қамқорлық танытқаны үшін 2,4 миллион теңге алды деген күдікке ілінген. Министрлік шенеунігі мен фирманың Қостанай облыстық филиалының және жанармай қоймасының директоры сот санкциясымен қамауға алынған. Бұл факт бойынша соталды тергеуі жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2606
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701