Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
3229 16 пікір 10 Қазан, 2018 сағат 09:43

Президент Назарбаев Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2484
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4165