Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 03:05

Астанада 8 жасар жыр перісі Жамбыл Дүйсенұлының поэзия кеші өтті

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше кешке Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында бала ақын, республикалық байқаулардың лауреаты, 8 жасар жыр перісі Жамбыл Дүйсенұлының ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім - Тәңірден жеткен тәтті сый» атты поэзия кеші өтті.

Дәл 5 сәуір күні 8 жасқа толған жыр перісі өз өлеңдерінде рух, отансүйгіштік, Отан, тіл, тәуелсіздік тақырыптарын толғайды. Небәрі 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған бала Жамбылдың қазірде 50-ге жуық туындысы бар. Жыр кешінде кішкентай ақын жиналған жұртқа «Періште тілек!», «Тілім - тағдырым», «Мен қазақпын», «Бала Жамбыл - мен боламын бүгінгі», «Мәртебелі елім», «Оңай емес» сынды туындыларын оқып берді.

«Өлең құлағыма ұйқасымен келіп сыбырлайды»,-дегенді айтады жауқазын ақын. «Халықтың баласы болуға тырысамын. Арманым - дана Жамбылдай болу»,-дейді ол.

Ж. Дүйсенұлы Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің 3-сыныбында оқиды. Қазірдің өзінде қаршадай ақынның жеткен шығармашылық жетістіктері аз емес. Оның ең алғашқы жеңісі мектеп қабырғасында өткен мүшәйрада болды. Кейін 7 жасында-ақ Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған байқаулардың бас жүлдегері атанды. Мектепте де өзінің білімділігімен, зеректігімен көзге түскен Жамбыл бір жылда 1,2 сыныпты бітіріп, 3-сыныпқа көшкен.

Дарын иесінің шығармашылығын тамашалауға келген елордалық қауым мәдениет орталығының концерт залын лық толтырды. Себебі бала Жамбылдың өнерімен астаналықтар Наурыз мейрамында алғаш рет көрісіп, танысқандары бар.

Келешегінен үлкен үміт күттіретін  жас ақынға атақты қаламгер, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың өзі қолдау көрсетті. Оның айтуынша, жас құдыреттің жырларынан қарт Жамбылдың ұлы эпикалық сарыны, Мұқағалидің отаншылдық асқақ үні естіледі. «Осы баламен бірге Жамбыл да, Мұқағали да қайта туды ма деген ойға келемін. Бұл бір үлкен құбылыс»,-деп бағасын берді М. Жолдасбеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394