Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4160 0 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 10:31

Қазақстанда "жихадшылар" ісі бойынша екі айыпталушы сотқа бойкот жариялады

Қазақстанда "жихадшылар" ісі бойынша екі айыпталушы 15 қазанда прокурор Дәурен Бұлғымбаевқа сенімсіздік танытып, сотқа бойкот жариялады. Он айдан астам уақыт тергеу абақтысында отырған бұл екеуіне терроризмді насихаттады және "қарулы жихадқа шақырды" деген айыптар тағылып отыр.

Сотталушы Алмат Жұмағұлов бұл әрекетін айдауыл мен тергеу абақтысы әкімшілігінің заң бұзушылықтары туралы 4 қазанда түсірген шағымдарына құлақ аспағанымен түсіндірді. Сол себепті ол судьяға бойкот жариялап, аузын қағаз скотчпен жапсырып алды. Сотталушы Оралбек Омыров бұл бойкотты қолдады.

Сотталушы Кенжебек Әбішев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға ауыстыруын сұраған. Бұның алдында оның жүрегі ауыратыны анықталған.

Прокурор Дәурен Бұлғымбаев сотталушы Әбішевтің өтінішіне қарсы шықты.

"Жихадшылар" ісіндегі үшеу өздерін аса діндарға жатқызбайды, зайырлы өмір сүреді және тағылған айыптарды жоққа шығарды. Қазақстандық бірқатар адам құқығын қорғаушылар Әбішев пен Жұмағұловты саяси тұтқындар деп таныды. Билік олардың қоғамдық-саяси мәртебесіне қатысты пікір білдірген емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 971
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2483
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 645