Жексенбі, 24 Қараша 2024
2613 2 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 10:41

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына келді, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Сапар аясында Қазақстан Президентінің өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көрді.

Мемлекет басшысы «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды

Елбасы церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар мен стандарттары бар әлеуметтік-психологиялық және медициналық оңалту бағдарламаларымен танысты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бақытты бала» облыстық жобасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді. Жоба аясында ерекше мұқтаж балалар үшін арнайы коррекциялық балабақша, психологиялық және медициналық-педагогикалық консультация беретін орындар, «Күншуақ» балаларды сауықтыру лагері ашылды. Аудандардағы психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері және Ақтөбе қаласының орта мектептерінде инклюзивті білім беру ісін дамыту жөніндегі ресурсты кабинеттер жасақталып, жұмыс жүргізуде.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған орталық Швейцария, Чехия, Польша және Ресейдің заманауи құралдарымен жабдықтаған.

Елбасы жаңадан салынған Мұз сарайына барды.

Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды.

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

Жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған.

Қазақстан Президенті «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды.

Мемлекет басшысына индустриялық аймақта іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін атқарылған жұмыстар туралы мәлімделді.

Ақтөбе облысының әкімі өңірдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері жөнінде баяндады.

– Есепті кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсу қарқыны сақталып отыр. Өнеркәсіп өсімі – 105,7 пайыз. Жалпы, қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнімнің құны 1,3 триллион теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 167,3 миллиард теңгені немесе 104 пайызды құрады. Осы айда 85 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,1 пайызға артық. Биылғы 9 ай ішінде 318 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды, – деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, өңір басшысы негізгі  мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» жүзеге асырылу барысы жөнінде есеп берді.

Баяндаманы тыңдаған соң, Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арналған жолдауды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, облыстағы орташа жалақыны өсіру, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және өңірдің, әсіресе Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалын жақсарту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

«Ақтөбе» индустриялық аймағының көлемі 200 гектар жерді қамтиды. Онда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, автомобиль және темір жол көліктеріне арналған кірме жолдар бар. Бүгінде мұнда жалпы құны 60,3 миллиард теңге болатын 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566