Трамп тергеудің ресми қорытындысын күтетінін, журналист өліміне Сауд Арабиясының билігі қатысты болса, Эр-Рияд үшін оның салдары ауыр болатынын ескерткен.
Түркия билігі журналист Хашоггидің жоғалуына Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығының қызметкерлері қатысты деп есептейді. Ол 2 қазанда консулдық ғимаратына кірген соң жоғалып кеткен. Журналист ажырасу туралы құжат алуды жоспарлаған. Түрік тергеушілері журналисті консулдық ғимараты өлтірген деп топшылайды. Эр-Рияд бұл айыптауларды жоққа шығарды.
АҚШ Сауд Арабиясымен қарым-қатынас орнатқан, соның бірі қорғаныс және қауіпсіздік салаларына қатысты - бұл елге қару-жарақ жеткізіп отыр.
Журналист Хашогги Сауд Арабиясынан қашып кеткен, АҚШ-та тұруға ықтиярхаты болған, сол елден The Washington Post газетіне мақалалар жазған. Мақалаларында ол Эр-Риядтың қазіргі саясатына қарсы шыққан.
Abai.kz