Жолдауға қатысты шұғыл кеңес өтті
18 қазанда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы шұғыл кеңес өткізді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Baq.kz басылымына сілтеме жасап.
Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар жалпыұлттық жоспарының негізгі бағыттарына қарай жұмыстың алгоритмі мен механизмдерін талқылады.
Президент Әкімшілігінің басшысы жоспарланған шаралар бойынша тиімді іске асыру және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді тапсырды.
Әсет Исекешев Ұлттық жаңғыру комитетінің негізгі тапсырмалары мен функцияларына тоқталды. Бұл ведомство Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен елдегі негізгі стратегиялық құжаттарға кешенді мониторинг жүргізеді және іске асыруды бағалайды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға барлық деңгейде жүйелі бақылау, сонымен қатар Жолдаудағы әлеуметтік маңызы жоғары бірінші кезекші тұрған шараларды іске асыру тапсырылды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын оқыды.
Abai.kz