Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5155 11 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 08:08

Мен Z-жастарға сенемін!

Бүгінгі күні жастар туралы сан-алуан әңгіме көп. Бойкүйез, атаққұмар, билікқұмар деген сияқты көп әңгіме айтылады. Әлеуметтанушылар көптеген зерттеулер жасап жатады. Жақында достарым «Коктейль Молотова» деген кітап та шығарған. Жақсы, терең ойлары бар кітап. Кітапта бүгінгі қазақ жастарының болмысы неге осындай деген сұрақ қойылады. Неге бизнеспен айналысудан гөрі шенеунік, бастық болуға құмар деген сұрақ туындайды?
Менің ойымша, бұл сұраққа жауап беру үшін «ұрпақтар теориясын» қолдануға әбден болады. Бұл теорияны америкалық ғалымдар Нейл Хоув пен Вильям Штраус 1991 жылы ойлап тапқан.
Хоув-Штраус теориясы әрбір буынның психологиясы, болмысы, қоғамдық, саяси көзқарастарына өз заманының құндылықтары, тәрбиесі, үй ішіндегі тәрбиесі әсер етеді деп пайымдайды. Себебі әрбір буынға, ұрпаққа сай көзқарастар мен құндылықтар жиынтығы сай келеді. Әр заманның өз модасы, әдебиеті, мәдениеті бар. Бұның барлығы 20-25 жыл бойы асқан өзгеріске түспейді, сондықтан да ұрпақтардың ойлау қабілетіне, өмірлік ұстанымына ұзақ уақыт бойы әсер етеді.

Осы теорияға салатын болсақ, бүгінгі Қазақстанда бірнеше ұрпақ өкілі ғұмыр кешіп жатыр:

Үнсіз ұрпақ (1923-1943 жылы туғандар).
Бұлардың құндылықтары 1953 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына сталиндік қуғын-сүргін, жаппай ашаршылық, Екінші дүниежүзілік соғыс сияқты ғаламдық оқиғалар әсер еткен.
Басты құндылықтары: адалдық, ережелерді сақтау, заңға бағыну, қызметке, лауазымға деген құрмет, ар-намыс, шыдамдылық, төзімділік.

Бэби-бумерлер ұрпағы (1943-1963 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1973 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына Сталиннен кейінгі жылымық, адамның ғарышқа ұшуы, қырғиқабақ соғыс, медицинаның жақсаруы, ғылымның дамуы, білім беру жүйесінің жақсы сапаға ие болуы әсер еткен. Әкелері соғысқа қатысқандықтан бұл ұрпақ өзін «жеңімпаз ұрпақ» деп санаған.
Басты құндылықтары: оптимизм, пайда мен карьераға құштарлық, ұжымшылдық, «командашылдық», «жастық культі».

Х-ұрпақ немесе Белгісіз ұрпақ (1963-1983 жылдары туғандар)
Бұлардың құндылықтары 1993 жылға дейін қалыптасқан.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына қырғиқабақ соғыс, қайтақұру, жариялылық, Ауғанстандағы соғыс, Чернобыль апаты, СПИД, есірткі сияқты оқиғалар әсер еткен.
Басты құндылықтары: өзгерістерге дайындық, таңдау мүмкінігі, жахандық ақпараттану, техникалық білім, индивидуализм, ғұмыр бойы оқуға әзірлік, көзқарастардың бейресмилігі, жаңа эмоция іздеу, прагматизм, өзіне ғана сену, гендерлік теңдік.

Ү-ұрпақ немесе Желі ұрпағы немесе Миллениумдер (1983-2003 жылы туғандар)
Бұлардың құндылықтары әлі де қалыптасып жатыр. 2014-2015 жылдар бұл ұрпақ үшін өтпелі кезең болады.
Бұлардың құндылықтарының пайда болуына КСРО-ның ыдырауы, террористік актілер мен аймақтық соғыстар, сандық технологиялардың күрт дамуы, ғаламдық аурулар, ғаламдық мода мен өнер әсер етті. Ұялы телефондар мен интернет бұл буын үшін күнделікті, үйреншікті дүние.
Басты құндылықтары: парыз бен борыш, жауапкершілік, аңқаулық, бағына білу. Бұл ұрпақ үшін маңызды дүние бірден пайда көру, табысқа бірден ие болу.

Z-ұрпақ (2003-2023 жалдар арасында дүниеге келетіндер)
Бұлардың құндылықтары енді ғана қалыптасады. Және де бұған бәріміз ықпал ете аламыз.
Көп нәрсе осы ұрпақтың сапасы мен болмысына байланысты болады.
Бір анығы бұл ұрпақ үшін дипломнан гөрі білім артық болады. Бұл ұрпақ қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөліп, қалыптасқан ережелерді, заңдарды сақтауға бейім болады. Техникалық даму, ғылым дамуы бұлар үшін үйреншікті дүние болатыны анық. Бұл ұрпақ жаңалықтарға бейім ұрпақ.

Әр ұрпаққа қатысты мынадай да ерекшеліктер бар.
Үнсіз ұрпақ негізінен әдебиет пен тілге жақын болды.
Бэби-бумерлер математикаға әуес болды.
Х-ұрпақ тарихқа бейім, тарихты жақсы көреді.
Миллениумдер әдебиет пен киноға құмар.
Z-ұрпақтар шетел тілдерін білуге әуес болады дейді ғалымдар.

Қарап отырсаң, теорияның өмірмен жанасатын тұстары көп сияқты.

Айдос Сарымның facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377