Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәрекелді! 5308 8 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 14:22

Шекараны шегендеп болдық...

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау толығымен аяқталды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикаларының арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесі бойынша Шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

Келісімге сәйкес,  үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі Үстірт қыратының аумағында орналасқан. Келісімнің шектік мерзімі жоқ және оны бұзуға болмайды.

“Бұл Заң - Қазақстанның мемлекеттік шекарасының орналасуы мен бағытын анықтау процесінің аяқталғанын білдіреді. Және, түйісу нүктесіндегі аумақтық даулардың туындауына себеп болатын алғышарттарды жойып, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайта түседі” - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Министр бұл келісім Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялауды толықтай аяқтаған соңғы құжат екенін атап өтті.

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377