Жұма, 22 Қараша 2024
Бәрекелді! 4375 0 пікір 30 Қазан, 2018 сағат 17:09

Талдықорғанда өнер тойы басталды

Талдықорғанда заманауи жаңа театр ғимараты ашылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жаңа театрдың шымылдығын  жаңа шаңыраққа қоныстанған Бикен Римова атындағы театр ұжымы қазақ классикасының жауһары - Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен ашты.

Облыс бюджетінен 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген құрлыс нысанын пайдалануға беру Орта Азия елдерінің  7-ші Халықаралық театр фестивалімен тұспа-тұс келді.

Бүгін, сондай-ақ, Талдықорғанда аталған халықаралық театр фестивалі өз жұмысын бастады.

Халықаралық дода  6 қарашаға дейін жалғасады. Осы аралықта Хасан Ажар өндірістік театры (Түркия Республикасы)  «Пирайе» қойылымын, Алп Арслан атындағы Түркімен ұлттық жастар театры (Түркіменстан Республикасы) «Көроғлы және Агаюнус» қойылымды, М.Гафури атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театры (Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы) «Іздеп таптым сені...», Б.Қыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жасөспірімдер театры (Қырғызстан Республикасы) «Қасқыр ұлыған түн» сынды осы және өзге де елдердің қойылымдары сахналанады.

Салтанатты шараның  ашылуымен КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Театрлары ассоцациясының төрағасы Асанәлі Әшімов құттықтап,  жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, Талдықорған театрының ресми ашылу салтанатында өнер саласында жүрген елімізге белгілі бірқатар жастарға "Серпер" жастар сыйлығы табысталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322