Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2155 0 пікір 12 Сәуір, 2011 сағат 03:40

Cмағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі қашан жерленеді?

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ «АҚ ОРДА»

АҚСАҚАЛДАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Мекен жайы: Астана, Ш.Айманов көшесі, 3 үй

Офис тел: 8 (7172) 43-73-33

М.Әуезов көшесі, 16-үй, 8-кіреберіс

Тел: 8 (7172) 32-36-02

------------ 2011 жыл                   Бисмилллахир-рахманир-Рахим!

№ --------

Астана қаласының әкімі

И.Н.Тасмағамбетов мырзаға

Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы!

 

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына байтақ Отанымызбен бірге оның жүрегі саналатын Астана қаласы елеулі табыспен жеткеніне бәріміз куәміз. Осы ретте 2011 жылы ақпан айындағы тарихи есебіңізде Сіз елорданың жетістігіне, келешегіне және өткір мәселелеріне жақсы тоқталдыңыз. Сонда Конгресс-Холға жиылған жұртпен бірге біз «Шүкір! Осы бетіңнен қайтпа!» деп, тілек қосып отырдық.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ «АҚ ОРДА»

АҚСАҚАЛДАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

Мекен жайы: Астана, Ш.Айманов көшесі, 3 үй

Офис тел: 8 (7172) 43-73-33

М.Әуезов көшесі, 16-үй, 8-кіреберіс

Тел: 8 (7172) 32-36-02

------------ 2011 жыл                   Бисмилллахир-рахманир-Рахим!

№ --------

Астана қаласының әкімі

И.Н.Тасмағамбетов мырзаға

Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы!

 

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына байтақ Отанымызбен бірге оның жүрегі саналатын Астана қаласы елеулі табыспен жеткеніне бәріміз куәміз. Осы ретте 2011 жылы ақпан айындағы тарихи есебіңізде Сіз елорданың жетістігіне, келешегіне және өткір мәселелеріне жақсы тоқталдыңыз. Сонда Конгресс-Холға жиылған жұртпен бірге біз «Шүкір! Осы бетіңнен қайтпа!» деп, тілек қосып отырдық.

Астанадағы «Ақ Орда» Ақсақалдар қоғамдық бірлестігі - Елбасымыз жүргізіп отырған саясатты қолдайтын, қаламыздың өткені мен бүгініне жауапкер ұйым. Біз талаптыға бата береміз, талапсызды тезге саламыз. Өйткені, атам қазақтың жолы осындай, дәстүрі осындай.

Елорда түгіл Қазақстан жұртшылығы жақсы біледі, «Ақ Орда» ақсақалдары 2000 жылдан бері әжептәуір «дауға» айналып келе жатқан «Жастар» шағын ауданындағы мұсылман зиратын қорғау мен қолдауға көп еңбек сіңірді. Иә, халқымыз 70 пайыздан астам мұсылман бола тұра, өкінішке қарай, біреулер «сол зиратты жер бетінен сыпырып, орнына парк немесе демалыс орнын саламыз» деген де кез болды...

Әлемнің бар елінде, Шығыста да, Батыста да өздерінің тарихи зираттары қала ортасында қалғанмен, оларды қадірлеп, қасиеттейді, аббаттандырады. Өйткені, бәріміз де бұл дүниеде мәңгі жасамаймыз. Қазақ «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп бекер айтпаса керек.

Осы тұрғыдан келгенде, біздің ойымызша, «Жастар» шағын ауданындағы мұсылман зиратының мәселесі әлі өткір күйінде тұр. Біріншіден, қалаға келетін шетелдік қонақтардан ұяламыз. Олар «қазақтар зираттарын күтпейді екен ғой» деп ойлауы мүмкін. Екіншіден, бүгінгі жастарымыздан ұяламыз. «Олар біздің мынандай шарасыздығымызды көріп, аруақты сыйламауды әдетке айналдыра ма?» деп қамығамыз.

Аталған ескі мұсылман зиратының көлемі 15,6 гектардай жер. Қалалық әкімдік анықтаған осы аумаққа ҚР Үкіметінің 2001 және 2002 жылдарғы шешімдеріне сәйкес, көрнекті архитектор және сәулетші, мемлекеттік елтаңбамыздың авторы Жандарбек Мәлібекұлы 2008 жылы «Кравцов көшесіндегі ескі мұсылман зиратын қайта жаңғырту» атты эскиз-жобасын қаланың бас сәулетшісі С.Жүнісов мырзаға бекітіп, игілікті іске кіріскен еді.

Бірақ бұл жобаның жүзеге асуы қазір тым созылып кетті. Осы аралықта біз аса танымайтын «іскерлер» осы шаруаға араласып, ел күтіп отырған жұмысты тоқыратуға алып келді. Одан соң қаржы дағдарысы басталды.

Осылай ойымыз жүзеге аспай, елорда түгіл елден ұялып жүргенімізде, 2010 жылдың қараша-желтоқсан айында бізге бір топ депутат пен ғалымдар келіп жолықты. Ойлары: Мәскеудің Дон христиан зиратханасы қабырғасында тұрған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, репрессия құрбаны Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) сүйегінің күлін Астанаға жеткізіп, жер қойнына беру екен. Соны қайраткер заманымен тұстас ескі қорымға қоймақшы екен.

«Ақ Орда» ақсақалдары бұл идеяны қолдады. Бірақ бүкіл ұлтқа танымал қайраткерді қоятын орын да лайықты болуы тиіс қой деп, қайта қимылдай бастадық. Сәулетшіміз Жандарбек Мәлібекұлы аталған бейітке әлі де 100-150 адам (марқұмдарды) қоятын орынның эскизін жасады. Депутаттар «ақтабан шұбырындыдан» кеңестік геноцидке дейінгі тарихымызды 7 топқа бөліп, 7 стелла қоюды ұсынды. Біздің білуімізше, қазір Ресейде Кейкі батырдың бас сүйегі және елсізде қалған М.Дулатұлының сүйегі осы жерге қоюға әбден лайықты. Оның үстіне Елбасымыз «патриоттық тәрбиені көтеріңдер!» деп жатқанда, қаланың қақ ортасындағы тарихи қабірстан осы имандылық тәрбиешісі рөлін атқарар еді.

Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы!

Біз Сізден қала басшылығымен келісілген жобаны қайта қарауға және тиісінше осыны онтайлы шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз. Сіз - талай жақсы істерге мұрындық болып, ел ақсақалдарының сөзіне құлақ түретін тұлға екеніңізді жақсы білеміз. Сондықтан қайраткер С.Садуақасұлы сүйегінің күлін ескі қорымға қою арқылы біз өзіміздің мойнымыздағы үлкен тарихи жауапкершілікті атқармақпыз. Мәскеуден жеткізілген мәйіт-күлінің С.Ғылмани мешітінде тұрғанына да 50 күннен асты. Олай болса, ескі мұсылман қорымын біздің жобамызға сай қайта жасақтау, абаттандыру елге пайдалы іс болмақ.

Сөз соңында айтарымыз: ескі мұсылман қорымына 1940 жылға дейін қайтыс болғандар қойылса, ал жаңа заманның қайраткерлері Қабанбай зираты маңында ашылатын зиратқа қойылса. Сонда бұл «ескі қабірстан» деген атқа лайық болар еді.

Ізгі тілекпен,

Астана «Ақ Орда» Ақсақалдар қоғамдық бірлестігінің мүшелері атынан

 

Төраға                                          Әбілғазы Омаров

0 пікір