1 қарашада Ташкентте "Өзбекстан-ЕО" парламенттік әріптестігінің 14-отырысы қтті. Еуропалық делегацияны Ивета Григуле-Петерсе бастап келді.
"Брюссель сіздердің президенттеріңізді келесі жылдың басында күтеді", – деді ол.
Ивета Григуле-Петерсенің хабарлауынша, ЕО Өзбекстан президентінің Францияға 8-9 қазандағы сапарын мұқият бақылады. "Сапар сәтті өтті", - деді Григуле-Петерсе.
Биыл шілде айында ЕО кеңесі Өзбекстанмен кең әріптестік орнату үшін келіссөздер бастады.
Abai.kz