Қазақстанда туризм саласында тұңғыш ұлттық сыйлық жарияланды
«Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясы туризмнің барлық саласын қамтитын «NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» сыйлығын жариялады, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Туризм саласындағы ұлттық байқау сала индустриясын дамытудағы жетістіктері үшін берілетін марапат ретінде тағайындалды.
Мақсаты - еліміздің ішкі және сыртқы туризмі саласындағы ең табысты жобаларды, турөнімдер мен үздік туроператорларды анықтау. Сондай-ақ, салаға инвестиция тарту мен туристік өнімдердің бірыңғай ақпараттық базасын құру.
Байқауға қатысуға туризм саласына қатысты ұйымдар мен оның өкілдері шақырылады.
17 арнайы және 2 қосымша номинациядан тұратын байқауға өтінім 2018 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады, ал 19-28 қараша аралығында онлайн дауыс беру жүргізіледі. Марапаттау рәсімі осы жылдың 8 желтоқсанында Астанада өтеді.
«NATIONAL TOURISM AWARDS-2018» байқауының номинациялары:
- «Жылдың үздік жобасы» (фестивальдер, байқаулар, көрмелер, концерттер, карнавалдар, соның ішінде балаларға арналған);
- «Үздік туристік компания»;
- «Шетелдік туристер үшін үздік туристік өнім»;
- «Отандық туристер үшін үздік туристік өнім»;
- «Үздік гид-экскурсия жүргізушісі»;
- «Үздік бизнес қонақ үй»;
- «Туристер үшін үздік қонақ үй» (ұсынылатын қызметтер тізіміне сәйкес);
- «Үздік аймақтық қонақ үй»;
- «Үздік шипажай» (қызмет көрсетуі, тазалығы, қызметкерлер құрамы);
- «Үздік хостел»;
- «Балалар мен жастарға арналған үздік туристік жоба»;
- «Туризм саласындағы үздік идея» (бұрын іске асырылмаған);
- «Туризм туралы үздік Instagram парақша»;
- «Жылдың Travel фотографы»;
- «Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»;
- «Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»;
- «Туризм бойынша үздік интернет жоба». Қосымша номинациялар:
- «Туризмге қосқан үлесі үшін»;
- «Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін».
Байқауға өтінім мен оған қатысты толық мәліметті www.tourismawards.kz сайтынан білуге болады.
Abai.kz