Жыл сайын қажылыққа 4 миллиард 500 миллион теңге шығын жасаймыз...
Жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы корольдігіне барып, қажылық және умра министрлігімен жолығып, квота алып келеді.
2018 жылы бас мүфти 3 мың квота алып келген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 500 квотаға көп. Муфтият туркомпанияларға квотаны бөліп береді, бағаны олар белгілейді. Қызметі мен сапасына сай қажылық сапары 3800 - 5000 доллар аралығында.
Қажылыққа барып келу құны орта есеппен 4000 доллар деп алайық. 1 долларды*365 теңге курспен есептегенде әр адам 1 миллион 500 000 теңге шығаруы тиіс.
Есептей беріңіз, егер 3000 адам қажылыққа барса, шамамен жыл сайын 4 миллиард 500 миллион теңге шығын жасаймыз.
Ал егер, осы шығынға мектеп, жол немесе жоқ жітіктерге үй салып берсе мемлекет үшін де, халық үшін де игілікті іс болар ма еді...?
Әліби Манаштың facebook парақшасынан
Abai.kz