Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
46 - сөз 4318 0 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 15:22

"Баланың үлкеннен, ағаның халықтан бата алу дәстүрін жаңғыртқым келді..."

Мұстафа Өзтүрік:

Мені келгелі бері елім төбесіне көтеріп жатыр. Қайда барсам да жылы құшақ, ақ-адал ниет, даладай көңіл.

Егер елім: "Жоқ, Мұстафаның керегі жоқ, кетсін, келмесін!" десе, мен оңамын ба?! Ол мен үшін теріс бата ғой. Одан да өлгенім артық!

Қарлығаш қанатымен бір тамшы су әкеледі. Менің еліме көмегім де сондай ғана.

Әуелде келгенде циркке жиналған жұртымнан бата сұрадым. Халық теңселіп кетті. Бұл әдет ұмытылғаннан екен, сөйтсем. Бәрі орындарынан тұрып, бата берді.

Елді шулату емес еді мақсатым, баланың үлкеннен, ағаның халықтан бата алу дәстүрін жаңғырту еді.

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір