Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2356 0 пікір 15 Сәуір, 2011 сағат 06:58

Шалқар Қарақат. Қалаулыларымыздың қарыны ашпасын

Депутаттар - халық қалаулылары. Сонымен қатар елдің атынан "наз" айтып жоғарыдағы көкелерімізге арыз шағымдармен қоса өкпе реніштерді жеткізіп отыратын - «алтын көпір». Үкіметке сын айта алатын өкілеттілігі бар, биліктің бір тармағы болып саналатын заң шығарушы орган. «Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» деп көтермелеп қойсақ та артық айтқандық болмас тегі.
Елдің "еркесі" болған соң үкіметте оларға бар жағдайды жасап қойған. Парламентке кіргеннен кейін сыртқы киімдерін шешерде немесе табиғи қажеттіліктерін өтерде ғана болмаса, артық қимылдауға, энергияны босқа шығаруға олар да құлықсыз.
Сөйте тұра депутаттардың бәрі бірдей мұрындарынан шаншылып жұмыс жасап жүр деу қисынға келмес. Қолына депутаттық мандат тигелі қалғап шұлғып, үкіметке өкпе-наз айтпақ түгілі, "тоқтықтан" тілерсегі майысып, бүйрегін май басқандар да кездеседі араларынан.   Ондайларды аңдып отырып операторлар түсіріп алып кейде қызық үшін эфирден көрсетіп қалатыны бар. Сондай сәттерде сескеніп, өтірік болса да қысылып, сайлаушыларынан ұялып, ұйқысы қашып, мазасы кеткен біреуін көрмейсің. Қайта оқты көзін қадап, «қалағаныңды істеп ал» деп ештеңені сезінбейді-ау, сабаздарың.
Жә, біз негізгі айтпақ әңгімемізге көшейік.

Ресми деректерге сүйенсек, Астана қымбат қала. Ресторандарға түстік ішіп шығу үшін қалтаңызда кемі он мың теңге ақшаңыз болсын. Оны қалтаңыз көтермесе, дәмханаларға аялдаңыз. Қоржыныңызда бес, алты мың болмаса, кіруге асықпаңыз? Бекерге ұятқа қалып жүрерсіз? Ал асханаларға еркін кіріп шығу үшін екі үш мың теңге жеткілікті. Қарапайым халық пен қалтасы жұқа студенттердің ақшасы артылып жатса, бас қосатын жері көп жағдайда асхана немесе дәмхана ғана.
"Ас адамның арқауы" болғандықтан, біз сөз еткен жоғарыдағы сомалар бір адамның түстігіне ғана жұмсалатын қаржы. Ал осыншама ақшаны алпыс мың айлық алатын адам күндік "обедіне" ғана жұмсап, басқа уақытта қайтіп күнелтіп жүр екен деп мәселе көтерген бір депутатты кездестірмедік күні бүгінге дейін. Әлде бүкіл халықты өздері секілді көре ме екен? Осы жерде заңды сұрақ туындайды: Астанадағы жалақылары жоғары  депутаттар  қалай тамақтанады?   
Естіп жүргеніміздей депутаттардың көпшілігі Парламенттің ішіндегі арнайы асханаларда көтереңкі көңіл күймен отырып ас ішкенді ұнатады екен. Өкінішті жері Қазақ Парламентінің асханасының ас мәзірі таза Ресей "тілінде" жазылғандықтан, аударма жасап "обалына" қалғымыз келмеді. Депутаттардың түстігіне шолу жасамас бұрын Менюдің күнделікті ауысып, жаңарып, түрлі түсті тағамдармен толығып отыратынын ескертейік. Бағасына да назар аударып қойғандарыңыз жөн. Сонымен, сегіз түрлі ас мәзірінен (холодные закуски, Первые Блюда, Вторые Блюда, Диетические Блюда, Гарниры, Мучные изделя, Холодные Напитки, Горячие Напитки) тұратын дәмді астардың атауларына да мұқият болыңыздар.

«Депутаттардың асханасы» деп "сыпайылап" ат қойғандарымен, кей тағамдардың жасалуы  мен "аты-жөні" һәм түр- түсі ресторандарда арнайы тапсырыспен жасалатын деликатес тағамдардан бір кем емес. Кейбір тағамдардың атын алғаш естіп отырғанымызды жасырғымыз да келмейді. Ауыздан сілекейді ағызып, тәбетті ашатын керемет дәрумендердің қоспаларын көріп ішпей жемей тойып қалдық. Бәрінен де бағасын айтсаңшы! Кез келген мектеп оқушысы мен ашқұрсақ студенттің қалтасы көтеретіндей тиімді әрі сапалы. Мектептер мен өзге де оқу орындарында мұндай баға атымен жоқ. Астанадағы кез келген қарапайым адам тамақтанатын асханадан арзан. Қазақстанда күн сайын қымбаттап жатқан азық-түлік бағасы Парламентті айналып өтетін тәрізді.  Содан да болар депутаттардың қымбатшылық жайлы көп сөз етпейтіндері. Бізде бәрі жақсы деп тамсанып отыратындары. Амал қанша, мұндай арзан асханалардан ас ішу бақыты депутаттарға ғана бұйырып тұр. Қайтеміз, қалалулырамыздың қарыны ашпасын.

ww.masa.kz интернет сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552