Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
3598 0 пікір 13 Қараша, 2018 сағат 09:23

"РусГидро" Қырғызстан үкіметіне қарсы халықаралық сотқа арыз берді

Ресейдің "РусГидро" компаниясы Гаага сотында "Жоғарғы Нарын ГЭСтер каскады" жобасына байланысты сот процесінің мерзімі анықталғанын ресми мәлімдеді.

Мекеменің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, компанияның Қырғызстанға қарсы сотқа берген арызына Бішкек 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін жауап беру керек.

"РусГидро" Бішкектің "соттасу жөнінде хат алмадық" деген мәлімдемесін теріске шығарды. Компания 2018 жылдың 15 қаңтарында Қырғызстан президенті, үкімет басшысы, экономика министрлігі, сыртқы істер министрлігі және басқа да ресми мекемелерге іс халықаралық сотқа берілгені туралы ресми хат жолданғанын мәлімдеді.

Осыған дейін Қырғызстан сыртқы істер министрінің ақпарат департаментінің басшысы Муратбек Азимбакиев Ресейдің "РусГидро" компаниясы Қырғызстанға қарсы Гаага сотына арызданғаны туралы Бішкекке ресми жеткізген емес деген.

2012 жылы қырғыз және орыс үкіметтері Қамбар-Ата-1 және Жоғарғы Нарын ГЭС каскадын құру бойынша келісімге қол қойған. Оған сәйкес, Қамбар-Атаны "Интер РАО" компаниясы, Жоғарғы Нарын ГЭстер каскадын "Русгидро" салу керек болған. Бірақ құрылыс тым созылып кеткеннен кейін, 2016 жылы Қырғызстан келісімді біржақты бұзған. Сосын Ресей тарабы құрылысқа жұмсаған 37 миллион долларды кері қайтаруды талап етті. Ал қырғыз тарабы бұл ақша тым көп деп күмәндәніп, халықаралық аудит өткізуді талап етіп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1336
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 361
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 329