Асанбай Асқаровтың жары Фатимаға жазған хаты
Қадірлім менің, Фатимам! Менің қарсыластарым менің қыр соңыма түсіп пәле-жала деген иттерін үргізсе — үргізе берсін, мен бәрібір кедергі тосқауылдары көп соқпақтан жүріп өтемін. Мен саған да, балаларым үшін де, өте-мөте қиындықтар туып тұрғанын жақсы білемін. Шыда, төзімді бол, сен деген қайратты адам емессің бе?! Қуатты адамдар өмірінің соңына дейін осындай туа біткен қасиеттерімен қалатын болады. Мен өзгерген жоқпын, бастапқы қалпымдамын, әрине, жүрекке ауыр салмақ түсіп тұр, ұят пен масқара мені қажытып барады. Бірақта, менің арым таза екенін сен жақсы білесің.
А. Ас.
18.ХІ.87 жыл.
Р.S. Ұлт жанашыры Асанбай Асқаров "Желтоқсан көтерілісін ұйымдастыруға қатысты, ұлтшыл" деген сияқты айыптармен 1987 жылдың сәуір айынан 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды.
Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан
Abai.kz