Жексенбі, 24 Қараша 2024
3196 10 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 11:03

Назарбаев Азияда қауіпсіздік жөніндегі ұйым құруды ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия аймағының өз ұжымдық қауіпсіздік ұйымын құру керегін мәлімдеді. Бұл жайында Назарбаев "Астана клубының" отырысында айтты.

Назарбаевтың пікірінше, Азиядағы болашақ қауіпсіздік жөніндегі ұйымды құрамында 30 мемлекет бар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі аясында құруға болады.

Қазақстан президенті форумда Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі ұйым Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйыммен (ЕҚЫҰ) бірге тұтас Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады деген пікір айтты. Ол бұл идеяны іске асыру үшін Астанада ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы кеңес және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (ASEAN) қауіпсіздік жөніндегі бірлескен жиынын өткізуді ұсынды.

Аbai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5674