Жексенбі, 24 Қараша 2024
3041 1 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 11:13

CNN Дональд Трамп пен оның әкімшілігін сотқа берді

CNN телеканал журналисі Джим Акостаны Ақ үйге аккредитациядан айырғаны үшін, Дональд Трамп пен оның әкімшілігін сотқа берді.

Джим Акоста Конгресске аралық сайлау қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде "Трамп неліктен сайлауалды сөзінде мигранттарды "жаулап алушылар" деп атағанын сұраған. CNN журналисі сонымен бірге Ресеймен байланысы бар деген іс бойынша президент қорықпайды ма деген сұрақ қойған.

Трамп Акоста сұрақтарына жауап беруден бас тартып, оны "дөрекі әрі жиіркенішті адам" деп атады. Осыдан кейін CNN тілшісіне Ақ үйге кіруіне тыйым салынды. Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс журналисті ерсі қылықтары үшін айыптады. Оның айтуынша, Акоста микрофонды алмақ болып, тәжірибеден өтуші қыздың қолын әдейі ұстаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары жарияланған видеоны көріп, қолдан жасалған деп, Ақ үйді айыптады. Трампқа қарсы шағымда CNN жауап беруші ретінде қосымша бес адамды көрсеткен. Олар - Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келли, баспасөз хатшы Сара Сандерс, коммуникация жөніндегі штаб басшысының орынбасары Билл Шин, Құпия қызмет директоры Джозеф Кланси мен мекеме офицері Джон Доу.

CNN Акостаға аккредитацины қайта беруін талап етеді. Телеканал сотқа түсіріп отырған шағым тек ғана тілшіге байланысты емес екенін айтып, бұл сайланған шенеуніктер жайында сұрақ қойған әрбір журналистің басына түсуі мүмкін деп ескертеді.

2017 жылдың басында президент қызметіне кірісер алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде Трамп CNN тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, "жалған жаңалықтар таратады" деп мәлімдеген. CNN басшылығы сол кезде президент әрекетін айыптап, журналисіне қолдау көрсеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678