Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4298 17 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 14:07

Руға бөліну - деңгейі төмен, айтары жоқ адамның тірлігі...

Соңғы кезде руға бөлінетін дауылбайларды жиі көріп жүрмін. Қазақ болып туғанына мақтанатындардан шаршап едік. Енді мен найман, сен адай, ол албан деп бөлінетінді шығарады...

Ну, и что, қоңырат болсаң, ну и что, Шыңғысxанның туысы болсаң? Соның саған қазір қандай пайдасы тиіп жатыр, әлде солардың ұрпағы ретінде соларға лайық қандай ерлік жасадың? Жоғарыдағы руларды жай мысалға айттым, оған бола ренжімеңдер...

Жалпы руға бөліну де, жүзге бөліну де, соны артықшылық санау да деңгейі төмен, айтары жоқ, шектелген адамның тірлігі екенін түсіндім. Басқа ешқандай темада сөйлесе алмайтын, болашақта өзінің не істеп, не қоярын білмейтін, ертеңгі күні қалай дамитынын білмейтін жандар 100-200 жыл өліп кеткен батырларымен мақтанады. Қазақстан қай аймағына барсаң, аттың үстінде бір батыр тұрады... Басқа мақтанатын дымымыз жоқ...

Кейбір қалаларда байлар өзара жарысып, аталарына ескерткіш тұрғызып, соған ас беріп жарысады екен. Қазіргінің батырлары ойдан құрастырылған Спайдермен, Айронмен, Халктар... Күлтегін, Шыңғысxан, Қабанбай деген аталарыңа мың мультфильм шығарсаң да, ағылшынша тілі шығып жатқан балалар оларды қарамайды. Олардың киімін киіп, достарына мақтана алмайды. Біреу айтқан екен: “Қазақтар аттың етін жеп-жеп, оларға ескерткіш қояды” деп... 

P.S. Батыры жоқ елдерге, жалпы адамзатқа батырды үйіп-төгіп шығарып берген Стэн Ли қайтыс болыпты. Нағыз жұмаққа баратын жан сол. Өйткені оның жасаған батырлары руға, жүзге, ұлтқа, дінге бөлінбейді, бүкіл адамзатқа ортақ...

Нұрлан Жанайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656