Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2683 0 пікір 16 Сәуір, 2011 сағат 08:14

Интернет-конференция: Тұрсын Жұртбай (жалғасы)

Алаштың алтын жүлгелі сөзі мен ісі өлген жоқ. Алаш идеясы  мәңгілік жасампаздығымен алдымыздан жарқырып бағдар болып келеді. Алашқа қызмет ету бір сәтке де тоқтаған емес. Алаш рухының жаңа заманда жадымызда жаңғырғыруына өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан  Алаш рухты азаматтар бар. Соның бірі һәм бірегейі - жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай мырза интернет-конференциямыздың кезекті қонағы болып, оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардарға жалғасты жауап беріп отыр.

«Абай-ақпарат»

Ескерту!

Құрметті оқырмандар!

Тұрсын Жұртбаймен өтіп жатқан интернет-конференцияда қойылған сауалдарға берілген жауаптардың жалғасы әрі қарай да жарияланатын болады. Тек бұдан кейін конференция қонағына сауал жібермеулеріңізді сұраймыз. Сұрақтар мен жауаптарға байланысты ой-пікірлеріңізді ортаға салуларыңызға әдеттегідей толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Редакция

- Тұрсеке, қазіргі қазақты қалай біріктіруге болады? Дініміз быт-шыт, әртүрлі ағымдар. Рушылдық дерті. Алаштың ардақтыларын да бөліп қарайтындар бар. Зиялы қауым дегеніміз өлі. Секталардың жетегіндегі ақын-жазушылар, ғалымдар. Не істеу керек?

Алаштың алтын жүлгелі сөзі мен ісі өлген жоқ. Алаш идеясы  мәңгілік жасампаздығымен алдымыздан жарқырып бағдар болып келеді. Алашқа қызмет ету бір сәтке де тоқтаған емес. Алаш рухының жаңа заманда жадымызда жаңғырғыруына өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан  Алаш рухты азаматтар бар. Соның бірі һәм бірегейі - жазушы, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай мырза интернет-конференциямыздың кезекті қонағы болып, оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардарға жалғасты жауап беріп отыр.

«Абай-ақпарат»

Ескерту!

Құрметті оқырмандар!

Тұрсын Жұртбаймен өтіп жатқан интернет-конференцияда қойылған сауалдарға берілген жауаптардың жалғасы әрі қарай да жарияланатын болады. Тек бұдан кейін конференция қонағына сауал жібермеулеріңізді сұраймыз. Сұрақтар мен жауаптарға байланысты ой-пікірлеріңізді ортаға салуларыңызға әдеттегідей толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Редакция

- Тұрсеке, қазіргі қазақты қалай біріктіруге болады? Дініміз быт-шыт, әртүрлі ағымдар. Рушылдық дерті. Алаштың ардақтыларын да бөліп қарайтындар бар. Зиялы қауым дегеніміз өлі. Секталардың жетегіндегі ақын-жазушылар, ғалымдар. Не істеу керек?

-Егер басқа дінді қабылдаған ақын, жазушы болса, онда ол қазақ жазушысымын демей, ұстанған жолын ныспы қып алсын. Өйткені, жазушылық - ардың ісі. Ары таза болмаса, өзін де, елді адастырмасын.

Сол сұрақтың жауабын Абай да таба алмаған. Біздің де пешенемізге сол бұйырып тұр-ау, осы.

-Тұрсын аға, Қазақстандағы 2000 мыңға жуық мешіттердің бәрі де қалталы азаматтардың қаражатынан салынған. Бір де бір мешіт мемлекеттік бюджет есебінен салынбаған. Ал, Бас мүфти, Дін істері комитеті толығымен мемлекетке қарайды. Сонда қалай? Мәселен: Нұр Астана мешітін Катар мемлекеті салды. Шұбар мешітін Қ.Сатыбалды салды. Учхоздағы мешіттін кәсіпкер Манаев салдырған болатын. Тағы да солай кете береді. Барлығы да өз күндерін өздері көреді.

Ал Қазақстандағы шіркеулерді Ресей басқарады. Ресей қаржы бөледі. Бірақ осы барлық шіркеулер Қазақстан мемлекетінің бюджетінен салынады деп естідім. Осы қаншалықты әділеттілікке жатады?

Мен мешіт салғым келеді. Брақ анда жүгіремін, мұнда жүгіремін, іс бітер емес. Қазақстан емес - Қағазстан құдды. Қағаз, қағаз бітпейтін бір. "Жалғыздың үні шықпас" деген рас екен. Жаным жылайды. Көкірегім қарс айрылады. Қолдан келер шара жоқ. Ұлт зиялысы, қайраткері ретінде осыны неге айтпайсыз жоғары билікке? Сізді тыңдамағанда бізді тыңдай ма? Қол қусырып қарап отыра береміз бе?

-Дін туралы жаңа заңның жобасына орай өзім білетін Алдан Смайыл, Ғарифолла Есім, Бекболат сияқты азаматтарға ол заңның Патша тұсындағы миссионерлік-шоқындыру жобасының бүгінге негізделген көшірмесі екенін айтқамын. Олар сенбеген. Міне, соның зардабын сіз тартып отырсыз. Алда одан да үлкен қысымды бастан кешіресіз. Қапа киюге, сәлде орауға, қоғамдық жерде намаз оқуға тиым салатын заң жобасының да бар екенін естен шығармаңыз. Христиан дінінің астанасы Рим мен Парижде қабылданбаған заңның, Қазақстанда ойға келуі таңдандырады. Егерде біздің идеологтарымызға - қарсы қозғалыс керек болып отырса, сол кезде жауабын алатын болады деп есептеймін. Біреуге: «Наших бьють!» деген сылтау керек болып отырған жоқ па екен осы. Біздің үкімет мүшелерінің ішінде шоқынғандар бар деп естимін. Өтірік болғай!

- Ақшаларың тасып бара жатса. мешіт салғанша мектеп пен балабақша салсаңдаршы, сауабы мешіттен артық болмаса, кем болмайды.

- Алланың ісіне ақыл жүрмес болар.

-Тұрсын аға, осы сіз Асау ТАРПАҢ емессіз бе?

бас асаулығымның да, тарпаңдығымның да бары рас. Егер бұл мінездерді

байқатсам, онда шынмен тосыннан ашуланғаным.

-Тұр-аға, Астанада зиялы қауым қалыптасты ма? Жаңа буын туралы айтам. Аға буыннан жиналғандардың ішінде билікке ықпал етіп, ұлттың мүддесін өткізіп жүргендер бар ма?

Мырзатай ағамыз бастаған топтың сайлау науқанындағы қызметін қалай бағалайсыз? Сізді линкомға шақырса, не істер едіңіз? Қазақ халқы азаттыққа қол жеткізде ме? Тәуелсіздікке ше? Жетсе, белгілерін атаңызшы. Біздегі қазақтілді Орта және жоғары білім беру деңгейі қалай?

- 1. Жас буын да, жаңа буын да бар. Ортасы жоқ шығар деп ойлаймын. Олар күш алу үшін әлі де он -он бес жыл керек. Солардың бастары да қосыла бермейтін сияқты.

2. Ұлттың мүддесін өткізу үшін оны түсінетін үкімет, саналы, мәдениетті шенеунік керек. Ондай адамдардан, құдайға шүкір, үкіметіміз толық арылып болып қалды.

3. Толық азаттыққа Ресейдің де қолы жеткен жоқ. Олар да батыс пен АҚШ қа тәуелді тұстары бар.

4. Мырзакең емтихан алды, сайлау науқанының үгіт, насихатына араласқанын көрген емеспін. Ол кісі мені бауырына тартқан емес.

5.  Әй, қайдам! «Кемшілігіміз әр жерден көрініп тұр-ау»

-Қытайдағы Қазақстан елшілігі Қытай қазақтарын визадан тарықтырып отыр,

Үрімші Қаласындағы Қазақстан Елшілігі алдында мынадай құлақтандыру тұр екен. Ақпан айының он бесінде жапсырылған бұл құлақтандыруда визаға кезекке тұрған Қазақтардың саны ОН МЫҢНАН асып кеткендіктен, қазір визаға кезекке тұрғызбайтындығы жазылған. Демек, он мың адам ақпан айына дейін виза ала алмаған, ал, біз көргенде былтыр жаздағы МАМЫР айында мұнда кезекке тұрған ақсақалдың кезегі осы күнге дейін келмеген, мұндағы виза алып жатқандар, былтырғы осы мезгілдегі кезекке тұрған адамдар екен. Ал, кезекке тұрғызу дегені мынау екен: елшілік алдына келіп, ондағы есік қараушы Қытай күзетшілеріне құжаттарыңызды өткізеді екенсіз, ол құжаттарға қарап, олар сізге бір шумақ сан жазылған қағаз береді екен, бұл сіздің кезек номеріңіз соны алып ауылға қайтады екенсіз. Сосын жарты жыл шамасы күтеді екенсіз. Ал, соңғы кезде елшілер күніне жиырма адамға ғана виза беретінді тауыпты. Ал, елшілік алдында жылап-сықтаған шал- шауқан, кемпір - кешекте есеп жоқ. Қазақтар зарлап жылап жүргенімен, ҚЫТАЙЛАР МЕН ҰЙҒЫРЛАР жымың қағып жүр, себебі, олар еш кезек күтпейді екен. Елшіліктер оларды еш кедергісіз қабылдайды екен. Себебі, олардан «ашық пара алатын болса керек» дейді сырттағы қазақтар. Ал, Қазақтардан пара алу үшін осылайша виза жағдайын қолдан қиындатып отыр екен. Шыдамағандар жалмаң қаққан делдалдарға пара беруге мәжбүр болады. Ал, делдалдар қазақтарға берілетін тегін визаны үш мың юан шамасында ашып береді, пара бермесеңіз жыл бойы күтеді екенсіз. Елбасының баяғыда Қазақ құрылтайында айтқан Шеттегі қазақтарға тегін виза беру туралы жарлығы Қытайда осылай атқарылып жатыр екен. Мұнан да анық -қанық ақпарат алғыңыз келсе, бізге жауап жазыңыз, біз сіздерден көмек күтеміз, мұндағы қара қазақ баласы.

- Қадыр марқұмның: «О, ант атқан! Ант атқан! Осал жерін ерлердің қалай дәл тапқан!» - деген өлең жолдары бар еді. Қалай дәл тапқан. Бұл мәселе қазір Елбасына дейін белгілі жайт деп ойлаймын. Кейде: екі жақтың құпия уағдаластығы жоқ па екен деген де күдік келеді.

Пара - түйенің теңі сияқты екі жаққа да аунап тұр ғой. Сіздерде, бастауыш мектепті қазақша оқуға кең жол ашылды деп естідім. Құтты болсын. Виза кешігіп болса да ашылар, мектеп жабылмасын деп тілеймін.

- Осы сұраққа қалай қарайсыз? Қытайдағы қазақ көші тоқтады. Оған кінә Қазақстан елшілері ғана, парақорлық

- Өте алаңдап қараймын. Мешкей деген жақсы атақ деп кім айтты?

- Аға қайда тұрасыз? Астанада болсаңыз студенттермен кездесу жасатсақ қалай қарайсыз?

-Астанада тұрамын. Қарсы емеспін.

- Тұрсын мұғалім, сәлеметсіз бе?

Мен сіз пекинде сабақ бергендегі оқушыңызбын, бәлкім, есіңізде қалмаған шығармын. мүмкін онда білімнің қадірін білмейтін бала шығармыз, көп нәрсені шала тыңдап, шала үйренгендеймін. Енді қашан жолыңыз түсіп біз жақта боласыз, лекцияңызды тағы бір тыңдауды армандап жүрген оқушыңыз мен ғана емеспін. Барлығымыз сіздің келуіңізді төрт көзбен күтіп жүрміз.

Сізге мықты денсаулық, мол табыс тілеуші оқушыңыз  - Ергүл

- Ергүл! Есімдесің, айналайын. Мен де сендерді, Бейжіңді, барлық студенттерді, Сы чи тайхуды (Зы жу юаньді) сағынып жүрмін. Мұхтар профессор биыл шақырмақ еді. Реті келмеді ғой деймін. Гың лаужиеге, Мұхтарға, Жанға, Еркінге, Нұрбақанға, Тоқтар мен Нұргүлге, бәріне сәлем айт. Еркінжан біздің орталықта қызмет істейді. Анар осында. Құрмангүл мен Өмірбек біраз болды, шайтанқұлақпен хабарласпағалы. Бір барып қайтуым керек болып тұр. Бәріңе де мәңгілік «О, айни!» тілеймін. Бақытты болыңдар, айналайындар!

- Құрметті Қазақстандық туыстар! Жоғарыдағы жолдаманы көріп, Қытайдың қазақтары сауатсыз жазады екен демеңіздер, бізде төтеше жазу қолданылады. Ахмет Байтұрсындікі. Біз осы төтеше АРАБША жазуымызды Кирилшеге ТӨТЕ аударатын бағдарламалар арқылы аударып кеп жібергенімізде, жоғарыдағыдай болады, себебі,бізде отыз үш қаріп, сіздерде қырық екі дегендей, егер төтеше мен кирилшені аудару керек болса, мына араны көрерсіздер: http://www.tangjareh.com/juman/ сол арқылы Қытайдағы виза азабын арқалап, Қазақтың парақор елшілер қолдан жасаған жасанды тығырықтан сіздер бас болып, қазақтың ұлтжанды азаматтары құтқарып шықса екен деп тілейміз.

-  Көмегіңе рахмет бауырым. Мәселе - таза ниетте. Ұстаз бен шәкірттің сағынышында. Беретін ешкім болмаса - алатын қол қашанғы созылып тұра бермек. Оның да талып, қарысып қалатын кезі болатын шығар.

- Дулат Исабек: «Егер мен Мырзатай болсам үйімнен шықпай ауырып жат едім!..» деп жазды «Дат» газетінде. Елге қарар беті жоқ дегені ғой. Қолдаймыз. Бірақ Мырзатай ауырмақ түгілі одан сайын жағымпазданып жатыр. Өзінің орталығында Жамбыл Дүйсенов деген 6-7 жасар ақынының жыр кешін өткізді. Сіз бардыңыз ба? Сонда әлгі ақыны «Нұр Отанды» жырлады. Саясатты жырлады. Бұл не деген сұмдық?! Әлде тумай жатып іштен оқып туған бәле болып кеткен бе балалар? Неге одан да Астанада қаңғырып жүрген жас ақындарды ойламайды. Бір жыр кешін қып-қызыл шығынмен өткізгенше (1 миллион теңге кетті деп естідік!) орыстадың үйін жалдап, тапқан теңгесін айдың басында сықырлатып тұрып санап беретін шығармашыл жастарға берсе ғой! Ең болмаса 3-4-еуіне. Соны салтқа айналдырса. Әй, бірақ олар да сосын Мырзекеңнің ақылымен жүріп-тұратын шығар. Осындай рамкадағы айтыс, жыр кештері керек пе бізге? (Тек жалтақтамай, маған қатысы жоқ сұрақ демей, ол жерде болғам жоқ, жауап бере алмаймын демей, оны Жазушылар одағы шешсін демей, Астанадағы Әкім Тарази мен Несіпбек Айт біледі деп жауап бермей-ақ қойюыңызды өтінемін!). Сұрақ менен, жауап Сізден!

-Медет-ау, кәдімгідей сес көрсеткен екенсің. Сен - қорқытқан бол, мен - қорыққан болайын.

1.Сол баланың обалы, бірінші, әке-шешесінде, жас сәбидің өзегін күйдіріп алмаса нетті?  Жүйкесі бұзылады. Бұл ерте ашылған таланттың дені ұшырайтын дерт. Жылдам психологпен ақылдасуын өтінемін.

2. Мырзакең мені бауырына басып көрген емес. Сондықтан да бір нәрсені ойына алса, Мырзекең менімен ақылдаспайды. Ондай қаражатты шашатындай жомарттықты Мырзекеңнен өз басым көрген емеспін.

3. Айтыстағы сөзге, ең бірінші, ақындардың өздері жауап беруге тиісті. Талантын қайда жұмсайтынын білетін түйсікке бәрі де ие. Екінші, демеуші дегеннің шарты бар емес пе? Қалайда айтысты тоқтатпаған дұрыс. Сол қателіктің өзі де сабақ.

-Қазақ қыздары кейбірі жалаңаштанып барады. Емшектерін ашық көрсетеді. Газетке береді. Время газетін қараңыз. Айша деген қазақ қызы туралы оқыдыңыз ба? Осы дұрыс па? Айша деген құрметті атты былғау ғой бұл! Назерке.

- Мақаланы оқығанмын жоқ. Әдепсіздікті ұнатпаймын. Қостамаймын. «Енесіздің емшегі үлкен» деген. Сол қыздың анасы, әпкесі, жеңгесі қайда қарап жүр?

- Мен де Назеркеге келісемін. Время деген газет нағыз қазаққа дұшпандық саясаттағы арандатушы, азғындатушы басылым. Бізде соны көрмейтін "ақпараттық кеңістікті қорғағыш" депутаттар мен министрлер соқыр ма? Әлде олар да қазақтың дұшпандары ма?

- Қарағым, сол жалаңаш қыздардың суретін алдына ашып қойып, тамсанып отыратын депутат пен министрді көзім шалып қалғаны бар. Әйтпесе, «Депутатка» деген сөз қайдан шықты деп ойлайсыздар?

- Құрметті Алаш жоқтаушысы, аға, Қазақтың қыздарының азғындап бара жатқанын қалай тоқтатуға болады? Сіздің ислам дініне көзқарасаңыз? Бұл сұрақтың жауабын сезіп тұрсам да қойып жатырмын. Сіз әрине мұсылмандығыңызды қатты құрметтейсіз.

-Алланың құлымын, Мұхаммедтің үмметімін, Имам Ағзамның тарихатындамын.

-Дін - әр адамның ажал алдындағы емтихан тапсыратын имани пәні.

-Ар ілімін игеру арқылы қыздарды ойға қалдыруымыз мүмкін. Соларды бұзатын да сол ересектердің өзі емес пе. Әукесін салбыратып жүрген кәрі азбандар аз ба!

-«Заманың Мырзатай болса, Несіпбек болып шал» деген мақалыңыз ғажап, керемет. Бүгінгі күннің тамырын дәл басқан. Ал, Өмірбек Бәйгелді туралы мақалыңыз жоқ па? Болмаса, қашан шығарасыз?

-Бұл  менің шығарған мәтелім емес, өзге бір курстасының туындысы.

2. Қытайлар - қазақтарды қытайландырады, ал Өмкең, қытайлардың өзін қазақыландырады.

-Тұрсеке, Ассалаумағалейкум! Сіз «Айқын» газетіне осыдан неше жыл бұрын берген сұқбатыңызда Жәдидшілік қазақтың идеологиясы болуы керек деген едіңіз. Былтыр сол газетке сол жорналшыға берген сұқбатыңызда Алашорда қазақтың идеологиясы болуы керек депсіз. Екі сұқбат та осы айтылған екі түрлі тақырыппен айқайлап тұр. Енді осының екеуін қосып көрсек, қалай қарайсыз?

- Жәдидтік таным - Алаш идеясының көктамыры. Жәдидтік қозағлыстың нәтижесінде, бүкіл мұсылман әлемі, түркі қауымы тәуелсіздікке қол жеткізді.

- Жәдидшілік деген қандай секта, ол тағы?

- Ол секта емес, дүние танымдық қозғалыс. Өркениеттік, рухани азаттық жолы.

- -Құрметті аға , мен бір қытай елінде туып-өскен қазақ азаматымын , мен жоғары білім алғанмын , осы дипломыммен қазақстанға барсам деймін, семям, бір балам, әйлім бар. Әйелім де жоғары оқу орнын тәмәмдаған, біз тек орыс тілін білмейміз, біз осы ұрпағымыз үшін қазақ мемлекетін, өз елімізге көшіп барғымыз келеді, сонда бізге лайықты қызмет табу үшін қандай дайындықтармен баруымыз керек?

-Сіздің жеке басыңызды білмеймін, ал ұрпағыңыз үшін алаңдамай-ақ келе беріңіз. Үш айдың ішінде құлындай кісінесіп, тайдай тебісіп кететініне мен кепіл.

- Түсімде Анахарсистен естуімше Қассақ - қайсар, қатал, жаратымпаз, жаугер адам болыпты, ал Сұссақ - сүйретпе, сүйкімсіз, сұрқия адам болыпты. Қассақ пен Сұссақтың шайқасы екі түрлі рухтың, екі түрлі талғамның, екі түрлі жолдың қақтығысы екен. Қассақ өзінің санаулы болсада санға бергісіз адуын жаугерлерін бастап Сұссақтың қалың тобыр қолымен сан мәрте айқасқан. Ақыры Сұссақ өліп, Сұссақтың қалың қолы Қассаққа бағынған. Үстемдікке ие болған Қассақ ұлан даланың қақ төсінен алып кеңістікті ілгері-кейінді жаулап, оны ұрпағына енші етіп қалдырыпты, әрі өз өмірі арқылы Қазақ Рухының түпнұсқа үлгісіне айналыпты. Алғашында Сұссақтың сойылын соққандар енді Қассаққа адал болуға құлшынып баққанымен, Сұссақтан жұққан сорақы да, сұрқия әдеттерден арыла алмаған олар Қассақтың өршіл өлшемінен толық шыға алмаған. Сонымен олар көріністе Қассаққа бағынғансып, көмескіде Сұссақтың сорақылығы мен сұрқиялығын жалғастырудай тың өнер тапқырлапты. Кейін Қассақ және оның адуын нояндары ілгерінді-кейінді жарық дүниеден аттанған соң Сұссаққа адал сүйретпелердің бірі мәлім бір тарихи сын сағат кезеңінде Қассақ атында үстемдікті жалғастырған. Міне содан бері біз байқағанымыздай Сұссақтың сорақылықтары мен сұрқиялықтары Қассақтың атын малдынып жалғасып келеді. Ал Ата Қассақ рухындағылардың саны сиреуімен қоймай, Қассақ атын жамылған Сұссақтың қалың сойылсоғарлары жағынан қақпайланып, ығыстырылып, қағыстықта тентіреуге мәжбүр болды. Қассақ пен Сұссақтың ең өзекті айырмашылығын тану, түпнұсқадағы Ата Қазақ Рухын ояту, Ата Қазақ үстемдігінің түп үлгісіне қайту Қассақ атындағы осынау Сұссақтың қалың сойылсоғарларымен түрлі майдандарда табанды күресуден дерек бермек.

Тұрсын аға, сіз менің бұл түсіме қалай қарайсыз? Анахарсис маған шын айтып тұр ма?

Асау ТАРПАҢ

-Мұны емеуірінді аян түс дейді. Түсті өзің қалағандай жорыды деп есепте.

Сұрақ: Анахарсис - Шығыс Иран тілінде сөйлеген Сақ тайпаларынан шыққан ғұлама философ. Ол грекияға барып «көшпенділер философы» деген мәртебе алған. Гректер оның ғұламалығы мен даналығына таңырқаған. Қазір Анахарсис айтыпты деген нақыл сөздер көп сақталған. Анахарсис еліне қайтқанда Гректердің көп дінділік дәстүрін қабылдап оралған, сондықтан оны Пұтқа (аға қуыршақ құдайға) табынып жатқан жерінен ұстап алып, Сақтардың көсемі ту сыртынан атып өлтірген. Сақтар бір Жаратушыға сыйынатын Тәңіршіл халық болған. Сақтарды қазір Турандықтар (яғни Тәңіршілдер деген сөз) деп атайтынымыз сондықтан.

- Үш тұғырлы тіл саясатына қалай қарайсыз? Неге біз әлемдегі басқа елдер сияқты орыстармен халықаралық ағылшын тілінде ұғыса бермейміз? Қазақты орыстандыру саясаты қашан тоқтатылады деп ойлайсыз? Қазақ атқа мінбей, қазіргі орыс тілді билік Ана тілімізді Ақорданың төріне шығаруы мүмкін бе? Аса үлкен құрметпен Өзбек ініңіз

-Өзбегім-ау, Өзбегім, Қандай мақсат көздедің? Ұлы бір сілкініс болмай, ол жүзеге асырылмайды. Келер ауысымда: 2050 деген ұран тасталмасына кімнің көзі жетіпті?

- Алашты тануымыз-өзімізді тануымыз. Сондықтан сіздің әрбір зерттеу еңбектеріңізден рух алып, тарихи таным көкжиегін кеңейтіп отырған әрбір жастың атынан рахмет айтамын. Еңбектеріңізді қолымызға түсіре алмаймыз.Таралымы көп болса және еліміздің өңір-өңірлеріне таралса. Семейден Меруерт қарындасыңыз.

-Тілегіңе рахмет айналайын. Таяу арада «Ұраным - Алаштың» екінші кітабі осы «Абай» арқылы кең қауымға ұсынылмақ. Соған да шүкір. Бұрын интернетті менсінбеуші едім, мұның да бір «жоқтан жақсы» дегізетін кезі бар екен.

-Тұрсын мырза, байқайсыз ба, жұртшылық Сізге өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып отыр. Мұндай сұрақтарды, мәселен, Мырзатайға, Айтовқа,тіпті қазір Мұртазаға да қоймайды. Сізге үлкен сенім артып отыр. Осыдан біраз бұрын жұртшылық Д. Исабековқа да сенетіндей еді,бірақ, не ғажабы бар екенін ешкім түсінбейді, президентпен кездескеннен кейін ол кісі басқаша сайрай бастады, «әдемі» сөйлейтін болды.Тіпті, «Президентке дауыс береміз!» деген үндеуін көшелерге іліп қойды. Тұрсеке, Сіздің азаматтық тұғырыңыз болаттай берік деп ойлаймыз. Сізге өтініш: анау Қытайдағы қандастарымызға виза алуға қалай көмектесе аласыз(өзім жергілікті қазақпын). 10 мың адам кезекте тұр, дейді. Масқара емес пе.Сыртқы істер министрлігі не қарап отыр. Мүмкін, осы мәселе бойынша Президентке кіруді ойластырарсыз. Көп сөзден гөрі кейде нақтылы бір іс пайдалырақ болады ғой.

- Тілегіңізге рахмет. Қазір Президент емес, жай бөлім бастығының өзі бізді менсіне қоймайды. Алайда ол мәселеден Елбасы толық хабардар, таяуда өтетін Қазақ қауымдастығының құрылтайында күн тәртібіне қойылады - деп сенемін.

- Бізде жастарымызды тәрбиелейтін идеология жоқ деп аһ ұрып, күлтөбеде күнде жиналыс ашып жатамыз. Қалай ойлайсыз, жастарымызға Абай, Алаш арыстарының өмірі, өнегесі соның өзі нағыз идеология емес пе?

2.Қайтсек жалған ғылым, өз ұлтын,тілін сыйламайтын кадр шығаратын білім жүйесінен арыламыз?

3. Билік командасына ұлтын сүйетін азаматтардың келуі қазір мүмкін нарсе ме? қазақ қызы

- Биліктің арасында ұлты үшін күйініп отырған нағыз азаматтар көп. Ықтай жүріп іс бітіріп отыр. Әйтпесе, олар болмаса, осы күнімізге зар болып қалар едік. Оған тәубе. Мәселе сол биліктің тегершігінде. Бұл мәселе Елбасының таяу арадағы Президенттік жобасынан анық байқалады. Соған қарап тиісті шешім шығарып, ертеңгі күнді батыл ойластырып, ұйымшыл, ұтымды, даурығусыз, бірақ пәрменді шараға қарай жұмылуымыз керек шығар. Елдің де, ердің де сыналатын шағымды тұсы - сол кез.

- Қазақтың қалталы жігіттері сіздің кітаптарыңызды 300-400 таралыммен шығаруды қолға алса қазақ өзін-өзі тезірек таныр еді. Сөйтіп көзі тезірек ашылар еді. Соның әрекетін неге жасамайсыз? Әлде қазақ қалталыларының бәрі Қарабай деп ойлайсыз ба?

- Бәйменов, Мыңбаев, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков сияқты бауырларым ондай ұсыныс жасады. «Дулығаның» орысша аударылуына септігі де тиіп жатыр. Бірақ, «Ұраным - Алаш!..» сияқты қазақ халқының руханиятына қажетті кітапты - Қазақстан мемлекетінің өзі шығарып, игілігін өзі көруі керек деп есептеймін. Әйтпесе, оппозицияның пікірі болып кетуі мүмкін. Алаш идеясының қазақ мемлекетінің оппозициясы ретінде қызмет етуін қаламаймын.

- Сәлеметсізбе,»Алаш арыстарына» Астанадан бәріне бір жерден үлкен ескерткіш орнату (барлығына әрқайсысының аттарын атап) туралы ұсыныс жасадыңыз ба? Ақ-Ару

- Осыдан төрт жыл бұрын Е.Карин, Б.Әбдіғали, М.Әшімбаев сияқты жас қайраткерлер сондай ұсынысты өздері жасап, Қаулыға кіргізіп, «Қазақ елі» алаңын ұсынған. Соңы сиырқұмышықтанып кетті. Күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Жалғасы бар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534