Сәуле Мешітбайқызы. Тілім-тілім тілдік жүйе
Кез келген мәселені бірыңғай жүйелі құрылым ғана шеше алады. Қазақ тілінің күрделі мәселеге айналуының өзі бірыңғай құрылымның жоқтығынан ушығып отырған жайттың нәтижесі. Тіл мәселесімен айналысатын мемлекеттік құрылымдардың сыйқына қарап, еліміздегі тіл саясаты мәселе шешу үшін емес, тілді талғажау ету арқылы, соны әрбір салалық органдар өздеріне көрпе етіп, тартысқа салғандай сыңайы бар.
Тілдерді дамытудың ресми уәкілі болып табылатын Мәдениет министрлігіне қарасты Тіл комитетінің немен айналысатыны түсініксіз. Оның облыстық Тіл басқармаларына тікелей құзыры жүрмейді, олардың басшыларын тағайындай алмайды, бас-аяғы 25 адамнан тұратын құрылымның немен шұғылданатынын он жылдан асса да ұқпай қойдық. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген құжатты әзірлеген сол құрылым болар деп шамалаймыз, бірақ соның нәтижесі не болғанын біз де, қайта-қайта алмаса беретін комитет басшылары да білмес. Өйткені, сол құжаттың нәтижесі ретінде биыл барлық мемлекеттік органдар мемлекетті өз тілінде сөйлетуге көшуі тиіс еді, одан бәрі де жаппай бас тартқаны, «тойсты», іс жүргізімді бірнеше жылдарға кейін шегергені белгілі. Сонда әлгі комитет жұмысын немен өлшеп-пішеміз?

Тіл мәселесімен айналысатын мемлекеттік те, мемлекеттік емес те ұйымдар жеткілікті. Әрбір министрлік пен ұлттық компанияларда кемінде бір- бірден Тіл басқармалары мен департаменттері бар. Бірақ солар жыл сайын қанша адамды қазақша сайратып, қанша қызметшінің содан көсегесі көгергенін өздері білмесе, біз білмейміз. Тіпті, олардың немен айналысып, қыруар адам қай қызметте жүргенін де шамалай алмаймыз. Байқайтынымыз - бірінші, екінші... тағысын тағы, үлкенді-кішілі бастықтардың баяндамалары мен сөздерін қазақшалаудан аспайтын секілді.Оны қазақшалаудың кімге керегі бар, ақшаны шығын қылып, түсініксіз! Ол ақшаны ондай көзбояуға қор қылғаннан, онан да ағылшынша, қытайша көпіріп жүрген солардың орыстілді балаларын оқытып, сауабына қалғанымыз ең болмаса, адал іс болар ма еді, кім білсін? Бірақ олардың кейбірінің балаларының Қазақстан азаматы боларына да күмәніміз бар.
Елімізде тілмен айналысудан ерінбейтіндердің бірі - Қазақстан халық ассамблеясы деген қоғамдық ұйым, «тойст», екінші парламент. Бірақ олар қай тілмен қалай айналысатыны, оны неше адамға әлемнің қай тілін үйреткісі келетінін зерттеген қызық болар еді. Бірақ сол ассамблеяға қарайтын этностық мәдени орталықтардың тіл мәселесінде нақты нәтижеге жеткенін көргіміз келсе де, көре алмас едік. Өйткені, әуесқойлықпен ешқашан да мәселе шешілген емес, ал аталмыш мәдени орталықтарда кәсіпқойлықпен айналысатын жағдай да жоқ, тіпті, оларға ондай деңгейдегі міндет жүктеуге де болмас еді. Бірақ олар түрлі жолдармен гранттарға қол жеткізіп, көбігі көпірген насихаттың қазанын қайнатуда.
Тіл мәселесі ғылым мен білім саласы бойынша Білім министрлігінің де қарауында. Мәселен, оған салалас Тіл білім институты қазақ тілінің ғылыми мәселесімен айналысса, «Оқулық» орталығы орта білім орындарына қазақ тілі бойынша оқулықтар мен көмекші құралдар әзірлейді. Алайда, Тіл білім институтының соңғы жылдарына тиісті қандай өнімі мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосатынын атау қиын, ең болмаса электрондық түрдегі қазақ тілінің емлесін қамтыған дұрыс жазу сөздігі болмағасын, компьютерге терілген қазақ сөздерінің қайсысы дұрыс екенін ешкім де болжай алмайды, әркім қолынан келген «емлесіне» жүгініп жазғыштауда. Нәтижесінде бір сөздің бірнеше жазу нормасы қалыптасып, грамматикалық басқатырғылар қоздауда. Ал, «Оқулық» орталығының қоғамдағы «танымалдығы» өз алдына әңгіме. Тіпті, жоғары оқу орындарында студенттерге дәрісті қазақшалатып, олардың өздеріне оқып беретін де ұстаздарымыз жетеді. Бірақ, бәрібір қазақтілді студенттеріміз білім мен ақпаратқа қарық бола алмай келеді.
Бұларға қоса, 2006 жылдан бері Білім министрлігі өзінің Ұлттық тестілеу орталығынан Қазтест аталатын бөлімше құрып, қазақ тілін білу деңгейін тексеретін құрылым құрғаны бар, бірақ ол бүгінде кімді тексеруге де әзір болса да, тестілеуге құзыры болмағандықтан, «тот басқан сайманның» халын кешуде.
Қазақ тілін дамытуға қатысты аталатын жуырда құрылған тағы бір министрлік бар, ол - Ақпарат және байланыс министрлігі. Бір қызығы, басқасын айтпағанда, бұл министрлік әлі күнге жариясөзді (пресс-релиз) қазақшалауды үйрене алмай келеді. Ал, елдегі бұқаралық ақпарат үлесінің қазақтілді тұтынушыларға қатысты үлесі небәрі 7%- дан аспайтыны қоғамдық ортада белгілі болса да, елдің ақпарат кеңістігін қорғап, меңгеруге тиісті Ақпарат және байланыс министрлігі әлгі көрсеткішті жақсартпақ түгілі, әлі күнге мәселені талдауға да бас қатырар емес.
«Айта-айта...» демекші, айта берсек, мұндай былық жеткілікті. Басты былық пен шылық, құрметті оқырман, өзіңіз байқағандай, тілдің есебінен көрінген мемлекеттік орган мен мекеме өздеріне қажетті қаржыны талғажау етіп отырғаны. Осының бәрін жиып-теріп, жоғары лауазымды шенді мырза «қазақ тілін дамытуға бес миллиард теңге бөлінді» деп көки беретіні де сондықтан болса керек. Меніңше, мұндай жолмен тілге бес емес, одан да көп миллиард бөлініп отырған секілді, алайда, ол тілге ме, әлде кімге екенін айыратын уақыт жетті. Ол үшін қоғам қайраткерлері бірігіп, әрбір министрлікті кілемге шақырып, нәтижеге нақты көз жеткізгені мақұл болар еді. Әйтпесе, бәріміз де, «айтасың да қоясыңның» кебін киіп жүріп, тілдің сыбағасын тілсіздерге қор қылатын түріміз бар. Бәрінен бұрын тіл мәселесін шешетін бірыңғай органның жоқтығына қоғамның ғана емес, соны шешетін Адамның да көзін жеткізген мақұл болар.
«Абай-ақпарат»