Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2666 0 пікір 18 Сәуір, 2011 сағат 10:45

Қазақстандағы Монархиялық Капитал жүйесінің эволюциясы (жалғасы)

Екінші жол - өктемдік.

Осы революцияның экономикалық базасы өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы қарама-қайшылықтан туындайды.

Монархиялық Капитал және байлар табиғи рентадан табысты жоғалтып алғаннан кейін, тауар өндірушілерден шаруалардан, жұмыскерлерден және тауар өндіруші активтерінің иелерінен (капиталистерден) табысты тартып ала бастайды.

Мұндай жағдай қалай және қашан орын алады.

Мұнайдан түсетін пайда төмендеп, мұнайды өндіру және оны тасымалдау өзіндік құнынан кішкене жоғары, салықтарды қоса есептегенге дейінгі деңгейге жетсе онда төңкеріс үшін тірек пайда болады. Тура осындай жағдай мұнай бағасының төмен түспеуінен де орын алады. Кірістің көп мөлшері шетелдіктер дивидендттеріне және сыртқы қарызды жабу үшін кетеді. Бірінші және екінші жағдайда Қазақстанға табиғи рентадан түскен ақша көлемі қоғам ішінде таратылғанда нөлге жақын болады.

Екінші жол - өктемдік.

Осы революцияның экономикалық базасы өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы қарама-қайшылықтан туындайды.

Монархиялық Капитал және байлар табиғи рентадан табысты жоғалтып алғаннан кейін, тауар өндірушілерден шаруалардан, жұмыскерлерден және тауар өндіруші активтерінің иелерінен (капиталистерден) табысты тартып ала бастайды.

Мұндай жағдай қалай және қашан орын алады.

Мұнайдан түсетін пайда төмендеп, мұнайды өндіру және оны тасымалдау өзіндік құнынан кішкене жоғары, салықтарды қоса есептегенге дейінгі деңгейге жетсе онда төңкеріс үшін тірек пайда болады. Тура осындай жағдай мұнай бағасының төмен түспеуінен де орын алады. Кірістің көп мөлшері шетелдіктер дивидендттеріне және сыртқы қарызды жабу үшін кетеді. Бірінші және екінші жағдайда Қазақстанға табиғи рентадан түскен ақша көлемі қоғам ішінде таратылғанда нөлге жақын болады.

Егер жоғарыдағы мысалды еске түсірсек, халықтың тұтынуы 100 дананы құрайды. Оның 10 данасы жергілікті тауар өндірушілермен өндіріледі,  ал 90 данасы табиғи рентадан түседі (мұнай сату). Сәйкесінше, халықтың тұтынуы 100  данадан  10 данаға бір-ақ түседі. Енді тек ұлт өндіретін тауарды ғана пайдалануға болады. Осы жағдайда Монархиялық Капитал және байлар өндірілген тауарды иемденіп, қоғам арасында қайта бөледі.

Енді, Қазақстан қалай төңкеріс жолына дейін жететінін көрейік.

1-себеп:

Мұнай бағасының түсуі. Егер мұнай бағасы мұнайды өндірген өзіндік құнына, салықтарды қоса жақындап түсетін болса, ол мысалы 20-27 долл./барр, және осы қалыпты 2 жылдай сақтап тұрса,  біз төңкерістік жағдайда боламыз.

2-себеп:

Шикізат қорымызды ақырындап Қытайға 60%-80% береміз. Неге? Қытайлық компаниялар мұнайдан түскен аз дивидентке келіседі, АҚШ компанияларына карағанда, және Европа мен АҚШ-қа қарағанда Қытайда мұнай тұтынуы күннен-күнге өсуде. Ол біздің Каспийдегі қосымша мұнайды сатуға мүмкіншілік береді.

Бұл Монархиялық Капиталдың Қытаймен келісімге отыруына алып келеді. Қытай мұнайдан аз дивидендті алудың арқасында, табиғи рентаның ұлғаюы Монархиялық Капиталға пайда болған ресурстарды ұлтты қамтамасыз етуге жұмсауға мүмкіншілік береді.

Қытай мұнайды бақылауға ала отырып мына бағыттар бойынша жылжиды.

1. Мұнай арқылы  сатып алынған өнімдердің және оның таптардың арасында бөлінуі Қытайда өндірілген.

2. Ол қыталардың құрылыстарды сатуын қолдап Қазақстанның өндірістік қуаттарын иеленеді.

3. Ол Қазақстан билігінен Қытайдан кедергісіз жұмыс қолын әкелуге мүмкіндік алады.

4. Электр, газ компаниялары мен басқа да монополисттік компанияларды сатып алу.

5. Қазақстанның қаржы жүйесін сатып алу

Осыдан соң, Қытай мұнайдан түсетін бюджетті азайту мақсатымен инвестицияларды көбірек құюдың арқасында немесе басқа жолдармен Қазақстанға мұнайдан түсетін табыстарды төмендете отырып үкімет мүшелерін сатып алады.

Бұл  Қазақстанды төңкерістік жағдайға алып келеді.

Өзіндік рөлі бар, тағы бір фактор. Монархиялық Капиталмен өндіріс пен ауыл шаруашылығына салынған ақша нәтижесі нөлге тең.

Яғни, Монархиялық Капиталдың зауыттың құрылысына бағыттаған ақша көлемі осы зауыт шығаратын өнімнең алған пайдасына қарағанда әлде қайда көп. Зауыттың біршамасы біраз уақыт жұмыс істеп өзінің жұмысын тоқтатады. Себебі оның сапасы мен бағасы сәйкес келмейді. Еңбек өнімділігі құлайды, өйткені оның экономикалық негізі әрдайым технологияларды жаңалауға және аз уақытта көбірек өнім шығаруға ынталандырмайды.

Осының барлығы  ұлттық-буржуазиялық  төңкерістің  базасы  бола алады. Оның қалай өрбуіне байланысты Қазақстан да тәмәмдайды. Мұндағы  мағына қай тап саяси билікті  қолына алады, нәтиже соған  байланысты болады деген сөз. Алдын ала саяси билікі ала алатын және оны ұстап тұра алатын тап қандай болу керек екендігін сипаттап көрейік.

Сипаттамалар мынадай:

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу;

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы;

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы;

Енді біз осы сипаттамалар бойынша таптарды саралаймыз.

Феодал - шенеуліктер

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Бар.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Бар.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Бар.

Мемлекетті күшейту идеологиясы және қарулы күш арқылы өз аймағын кеңейтуі. Мықты мемлекет құру идеологиясы және жеке бастың қызығушылығын ел қызығушылығына бағындыру. Көп жағдайда өзінің этникалық тобын қолдау. Сәйкесінше, ұлтшылдық емес, ұлтжандылық ұстаным «өзінікі-бөтен».

2. Капиталистер.

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Бар.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Бар.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Бар.

Байыту идеологиясы. Жаңа жерлерді жаулап алу, қару күшімен емес, сауда экспансиясымен. Ол шығынсыз әрі өнімді. Капиталдың қызығушылығын қорғайтын мемлекет құру. Мемлекеттін қызығушылығы ішкі тауарөндірушілердің қызығушылығымен үндеседі. Мемлекет қызығушылығы жеке адам қызығушылығына бағынады. Тек өндіріс құралдары бар - магазиндер, ресторандар, зауыттар, басылымдар және т.б.   жеке адам қызығушылығына ғана бағынады. Өз этникалық тобының қызығушылығын қорғау ғана емес, сонымен қатар Отан деп санайтын  барлық ұлттың өкілерінің қызығушылығын қорғау. Яғни, ұлтаралық идеология.

3. Пролетариат.

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Бар.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Жоқ.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Бар.

Адам адамды канауды дүниежүзілік деңгейде жою. Еңбек ететін көпшіліктің мүддесін қорғайтын мемлекет құру. Ұлтаралық идеология.

4. Қызметкерлер (зиялы қауым).

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Жоқ.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Жоқ.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Жоқ.

Мұнда біраз түсіндіріп өтейік. Тап секілді қызметкеткерлер билікті ұстауға қауқарсыз. Бірақ, бұл қызметкерлердің ішінде өзінің артынан адамдарды тарата алатын көшбасшылар жоқ деген сөз емес. Осы таптан шыққан мықтылар басқа тапқа сүйеніп сол таптың қызығушылығын қорғады. Мысалы:

1. Ленин. Маркс, Сталин, Кастро, Че Гевара - пролетариаттың.

2. Линкольн, Аденауэр, Рузвельт - капиталистердің.

3. Гитлер, Муссолини - байлардың және капиталистердің.

5. Шаруалар.

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Жоқ.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Бар.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Жоқ.

6. Өзіне өзі жұмыс істейтіндер және деклассирленген элемент.

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Жоқ.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Жоқ.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Жоқ.

Елде билікті ұстайтын екі тап қана бар. Олар: байлар және капиталистер.

Келесі Қазақстандағы төңкеріс ұлттық сипатта болады. Яғни, шетелдіктердің болуына және экономикамызды шетелдіктердің бақылауына төңкерісшілер қарсы болмақ. Пайда болатын сұрақ мынадай: қай тап осы қозғалысты бастайды? Егер, капиталистер табы қолға алса, онда (Түркия мен Қытай) Кемалдық немесе Гоминдандық төңкеріске ұқсайтын болады. Егер капиталистер саяси билікті қолдарына алуға қорықса, онда төңкеріс ұйымдастыру ісін бай-шенеуліктер қолына алады.

Революцияның осы уақыттағы негізгі қозғаушы қүштері.

Шаруалар және оларға қосылған қаладағы деклассирленген элемент (олардың басым бөлігі жақында ауылдан келген, және өздерін қалада таба алмаған адамдар).

Қазіргі биліктегі таптың саясаты шаруалардың жерсіз қалуына және кедейленуіне, жерлердің латифундистардың қолында, ол дегеніміз әкімдермен бай-шенеуліктердің қолында шоғырлануына әкеле жатыр. Сонымен Қазақстанда шаруашылық төңкеріліс болатынына негіз бар, өйткені жерсіз немесе жерді өңдеп одан табыс алу үшін техникасы жоқ шаруалар кедейленіп, қалған жерлерін бай - шенеуліктерге сатып, жартысы ауылда қалып, жартысы қалаға сапар шегеді.

2008 жылдан 2009 жылға дейін қаладағы деклассирленген элемент 770 мың. адамнан 1 млн. адамға дейін өсті.

Биліктегі отырған тап табыстың бір бөлігін шаруаларға зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәрдемақы басқа да әр түрлі ауылға арналған төлемдер арқылы беріп отыру бүгінгі таңдағы олардың шиеленіске шықпаудың басты себебі болып отыр.

Шаруалар өзінің кепілді табысын жоғалтып алудан қорқады, - сондықтан олардың наразылығы жиналады бірақ шегінен шығып кетпейді. Табиғи рента нөльге жақындағанда, оларды ұстап отырған фактор жоқ болып кетеді. Шаруалар Қазақстандағы аграрлық және де ұлттық- буржуазиялық  революцияның қозғаушы күші болады. Мұндағы сұрақ, қай тап шаруаларды жетелеп саяси билікті  қолына алады?

Шаруаларды капиталисттер табы немесе діни негізде тұрған шаруалардың  өз өкілдері саяси шиеленіске жетелейді.

Таптармен қандай ұйымдар көбірек жұмыс істейтінін көрейік жұмысшылар/ өзіне өзі жұмыс істейтіндер/ деклассирленгендер: ұлттық па әлде діни ме? Қазіргі таңда, ұлттық ұйымдарға қарағанда діни ұйымдардың көп екендігі баршаға аян.

Осы ортада жұмыс істейтін діни ұйымдарда:

1. Өзін-өзі ұйымдастыра алу және ұлттық көлемде ұйымдастыра білу. - Бар.

2. Ойындағыны жүзеге асыру үшін қаражатының болуы. - Бар. Шет елдегі феодалдардан түсіп отырған қаржы қоры.

3. Артынан жүріп отыратын идеяның немесе идеологияның болуы. - Бар.

Неліктен капиталисттер шаруаларды жетелеуі мүмкін? Себебі ірі латифундистер бай-шенеуніктер болып табылады. Ал, капиталистер өз танымалдылықтарына арқа сүйеп, соған сеніп  байлардан жер телімдерін тартып алып, оны шаруаларға таратып  бере алады.

Осы әрекетімен олар өз жаулары бай-шенеуніктердің экономикалық базасына соққы жасайды. Егер, капиталистер қорқып, шаруларды жетелемесе,  шаруалар өз ішінен көшбасшыны тағайындайды. Бірақ, бұл  көшбасшылар  діни платформа қатарынан болады.

Жұмысшылар.

Пролетариат - ауылшаруашылығының  дамуына аса қызығатын таптардың бірі. Сонымен қатар өз қажеттіліктерін біреудікімен толықтыра алмайтын,  ешкімді ұрлай алмайтын, өз өндіргенін өзі тұтынуымен басқа таптардан ерекшеленеді.

Басты талаптар - мемлекеттендіру және кірістің көбеюі. Осыны орындаймын деп сөз берген бай-шенеуніктердің немесе капиталистердің артынан ереді. Әлеуметтік төңкеріс үшін негізі жоқ, себебі буржуазия ұлттық емес шетелдік. Қазақстанның жұмысшы табының ең негізгі жоюшысы шетелдік буржуазия мен Монархиялық Капитал болып табылады.

Сондықтан да жұмысшылар Қазақстандағы ұлттық буржуазия революциясының қозғаушы күші болуы әбден ықтимал. Ол кемалдық немесе гоминдандық түрдегі ұлттық-буржуазиялық төңкеріс сияқты бейнеде өтеді.

Капиталисттер.

Кірітерін тартып алатын Монархиялық Капиталмен бай-шенеуніктерге бірден қарсы шығады. Капиталисттердің кірістерінің көбеюі оларға қажетсіз болып қалатын жағдай туады. Неге десеңіз табыстың үлкен мөлшерін салық, пара немесе басқа бизнеске түскен ауыртпалық ретінде олардан алып қояды.

Өздері төңкерісті бастай алады, немесе мүддесін қорғаймын деп уәде еткен бай-шенеуніктерге қолдау білдіреді. Шикізаттан болатын кірісті мемлекеттендіруді тап ретінде қолдайды, себебі сол кірісті өз мекемелеріне  субсидия мен қайта қаруландыруға бағыттай алады. Шикізаттық компанияны өзіне тартып ала алатын капиталистер қарсы шығатынын түсіну керек. Жалпы, капиталистер бұл ойға қолдау білдіреді. Себебі түкен пайданың көп мөлшері шикізаттық компаниядың иелеріне емес капиталистерге түседі.

Бай-шенеуніктер.

Төңікерістің қозғаушы күші болмайды және тап ретінде билік үшін күреспейді. Бірақ таптың жеке өкілдері капиталистерге немесе қалалық жұмыскерлерге арқа сүйей отырып билік үшін күреседі.

Қай тап төңкерісті басқаратынына байланысты бізде:

1. Капиталистер басқарса, Кемалдық немесе Гоминдандық нұсқада өтеді. Гоминдан - Ұлыбритания мен Францияның, АҚШ-тың  Қытайға байланысты жүргізген отарлық саясатына қарсы ұлттық - буржуазиялық  төңкерісті басқарған партия.

2. Қырғыздық нұсқа, егер төңкерісті діни негіздегі шаруалар бастаса немесе қаладағы жұмыскерлер мен қызмет көрсететіндердің қолдауындағы байлар басқарса.

Бірақ, төңкерістің бірінші және екінші жолдары да ұлттық-бостандық күрес негізде болады. Яғни, шетелдіктердің Қазақстанда орын алуына қарсы болмақ.

Егер Қазақстанда кемалдық немес гоминдандық сипаттағы ұлттық - буржуазиялық  төңкеріс болып, билікті капиталистер қолға алатын болса, біз мемлекет  ретінде  сақталып қаламыз.

Егер Қазақстанда ұлттық-бостандық және аграрлық төңкеріс болса,  діни платформада тұрған шарулар мен бай-шенеуніктер билікті қолға алса, онда Қазақстан қағаз жүзінде біртұтас мемлекет болғанымен, іс жүзінде ондай болудан қалады.

Онда Ресей мен Қытайдың экономикалық әскери жағдайына байланысты 2035 жылға дейін біздің ұлттың ретінде үш нұсқасы бар.

Жалғасы бар

«Дана жол ынталы тобы»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534