Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2744 0 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 09:49

Түркістандық кәсіпорындар төменгі жалақыны көбейтуді жоспарлады

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы ең басым бағыт халық табысының өсуі, жалақыны көтеру болғаны белгілі.

Түркістандық кәсіпорындар мен мекемелер де осыған сәйкес жұмыстарын жүргізуде. Түркістан қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі жергілікті кәсіпорындармен тікелей жұмыс жасап, мәселені шешу тетіктерін бірлескен түрде қарастыруда. Бүгінгі таңда 170 кәсіпорында (шағын және орта) жалақысы төмен жұмысшылардың саны 635  адам екендігі анықталды. Қаладағы 150-ге жуық жұмысшысы бар «Гранд микс» жиһаз фирмасының басшылығы Елбасы Жолдауындағы басым бағытты қолдаушылардың бірі болып, шикізат қорын арттырып өнідірісті өркендетуді көздеп отыр. Осы бағытта жұмысшылардың еңбек ақысын 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жоғарылатпақ. Жергілікті кәсіпорын басшылары Елбасының Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруды бір кісідей қолдап отыр. Ал қалалық әкімдіктің «Түркістан Жарық-тазалық» ЖШС-і мекемесі жалақысы 33 мың теңгені құрайтын жұмысшылардың айлық жалақысын 43 мың теңгеге көтеруді жоспарлап  отыр. Түркістан қаласының тазалығы мен абаттандыру, көгалдандыру жұмысына жауапкершілікпен қарайтын мекемеде бүгінде 251 жұмысшы еңбек етеді.

Abai.kz

0 пікір