Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2066 0 пікір 20 Сәуір, 2011 сағат 08:26

Серік Әбдірешұлы. Мәслихат депутаты әрі ректор Булашевқа кедейдің құқы көк тиын

Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақстан агротехникалық университетінің ғимаратында 2011 жылғы 15 сәуір күні аталмыш ЖОМ (жоғарғы оқу мекемесі) басшылығынан зәбір көрген Қазақстан азаматтары Р.С.Нұркенова, Е.С.Иманғазина және  Ж.Ахметованың қоғамдық қорғаушысы, Автомобиль көлігі қызметкерлерінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы,белгілі құқық қорғаушы Сағымбаев Талас Жұмабайұлы күзетші болып істейтін осы ЖОМ студенттерінің қолымен соққыға жығылған. Мәселенің анығына қанығу үшін күрделі күрмеудің бірнеше жылғы кейіпкері болып жүрген азаматшаларға сөз берейік.

Ахметова Жанат, бұрынғы жатақхана коменданты: «Мұның бәрі әлгі Назарбаевқа жазған хаттан басталды.»

Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақстан агротехникалық университетінің ғимаратында 2011 жылғы 15 сәуір күні аталмыш ЖОМ (жоғарғы оқу мекемесі) басшылығынан зәбір көрген Қазақстан азаматтары Р.С.Нұркенова, Е.С.Иманғазина және  Ж.Ахметованың қоғамдық қорғаушысы, Автомобиль көлігі қызметкерлерінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы,белгілі құқық қорғаушы Сағымбаев Талас Жұмабайұлы күзетші болып істейтін осы ЖОМ студенттерінің қолымен соққыға жығылған. Мәселенің анығына қанығу үшін күрделі күрмеудің бірнеше жылғы кейіпкері болып жүрген азаматшаларға сөз берейік.

Ахметова Жанат, бұрынғы жатақхана коменданты: «Мұның бәрі әлгі Назарбаевқа жазған хаттан басталды.»

- 2005 жылдан Айтбай Булашев ректор болғалы кеңсесі хат қабылдамады. Жағдайымыз қиын болғасын өтініш бар, арыз бар дегендей... Өзім ауырдым, 2-нші топтағы мүгедек қызым аурушаң, кіші ұлым өкпесінен ауырып ауруханаға түсті, содан материалдық жәрдемақы сұрадым. Басқасына беріп жатты, бірақ маған назар аудармады. Содан амалым таусылып, 2008 жылы президентке хат жазып, жәрдемақыны содан сұрауға мәжбүр болдым. Жанұядағы екі бала да, мен де ауырдым, асыраушымыз - жалғыз күйеуім ғана жұмыс істейді. Бұрынғы ректор жағдайымызды түсініп, жұбайыма екі жұмыс берген еді. Содан елбасыға хат жазғасын, күйеуімді қосымша жұмыстан алып тастады, балташы жұмысында ғана қалды. Бар мәселе де, қудалау да содан басталды. Жолдасымды жұмыста күн көрсетпеді, тіпті, жаңадан келген комендант күйеуімді отырса опақ, тұрса сопақ етті. Алдап, «кадр бөлімі шақырып жатыр» деп жұмсайды да, сол арада жұмыстан кетіп қалған адам етіп, түсініктеме жаздырады, жоғарыға докладной жазады... Жұмыста мынадай тізбектелген топ бар: комендант Васильева, заңгері бар, инженер Витвицкий сияқтылар бір бірін қолдап, кінәсіз жолдасымды қудалауға салды...

Менің ағам қайтыс болып, сұранғасын соның жаназасына жіберді де, дұға оқылып жатқан кезде, жұмысқа кері шақыртып, акт жасайды. Завхоз рұқсат бергеніне қарамай, проректор Александр Майер сол күнге жұмыстан кетіп қалды деп бұйрық шығарып қойыпты... Осының бәрінің кесірінен күйеуім қазір асқазан ауруына, жүйке, жүрек дертіне шалдықты. Өзім де ауруыма ауру жамадым...

Әкем қайтты жақында, соның жаназасына жібермеді. Ол Торғайда тұрады, шалғай ғой. Телеграмма келсе де жібермеді. Материалдық көмек сұрап едік, оны да бермеді, сосын канцелярияға хатымды тастап, өзім кетіп қалдым... Ректор Булашев та, проректор Майер да тырп етпеді. Күйеуімді жібермеді. Екі-үш күн өткесін оларын заңдандырып, «жаназаға жіберілсін» деген бұйрық шығарып қояды. Жолдасым барудан бас тартты, себебі, жаназа өтіп кеткен еді...

Мұның бәрі әлгі Назарбаевқа жазған хаттан басталды. Ал, менің өйтпеске шарам болмады... Оған дейін, депутаттарға (айтпақшы, ректордың өзі Астана қаласы мәслихатының депутаты), «Нұр Отанға», минселхозға жаздым... Министр Күрішбаевтың өзіне он екі рет кірдім, ол мені екі жарым миллион теңге ссуда берем деп алдады... Енді бәрін де сотқа беруден басқа амал жоқ...

Иманғазина Ермек Сәбитқызы, еден жуушы: «...бастығы Бауэр деген неміс екен, соның бұйрығымен бізді қамады да тастады...»

- Жолдасым қайтыс болған, үш балам бар. Жанаттың айтқанына мен де қосылам. 2009 жылғы 5 мамырда жатақханаға еден жуушы болып жұмысқа тұрдым. Әуелде 2 ставкада болғам. Қыркүйекте келіп, Александр Майер «саған екі ставка көп» деп, жартысын қысқартып тастады...

Жұмысқа кіргеннен кейін Майер бізге өз жұмысымыздан бөлек қосалқы жұмыс беріп қойды. Аула да сыпырдық, құлаған жерді де жөндедік, перде де тіктік дегендей... Бірақ оған ешбір ақы төлеген емес. Жатақханаға жөндеу жұмысын жүргіздік, Майерге келісім шартқа отырайық дегенде ол, отырғызбады. «Жасамасаңдар, ауыздарыңды жауып, жұмыстан кете беріңдер!» деді. Бірақ арасында алдаусыратып, «кейін көрерміз, беріп те қалармыз» деп дәмелендіріп жұмысқа салды. Сөйтіп, бес мың шаршы метр жатақхана ғимаратының жөндеу жұмысын істеп шықтық. Бұл құрылыс-жөндеу жұмысы болғасын, білеміз, оның қанша тұратынын, бірақ бізге оны төлеген жоқ, әрқайсымызға 33 мыңнан айлық ретінде берді де қойды... Еңбегімізді талап еткесін, бізге жұмыс істетпей, соңымызға комендантты салып қойды. Сөйтіп, құзырлы органның бәріне шағымдануға тура келді...

Ақыры, бізді қудалап, жұмыстан шығарды. Ауыл шаруашылық министріне жаздық... ол комиссия құрғанмен, біздің дәлелді талабымызды, құжаттарымызды қарамады. Комиссия Майер мен Булашевты жақтап кетті. Соның өзін бір ай бойы созғылап беріп болмады... Әбден қиналып, сөзіміз жетпегесін, жапа шеккесін, ғимарат төбесіне шығып, шағымымызды БАҚ өкілдерін шақырып, соларға жеткізуге тырыстық... Содан министрліктен Евгений Аман, ректордың заңгерімен келіп сөйлескен түрін көрсеңіз... Әлгі ректор Булашев, өзі мәслихат депутаты бола тұрып, «Осы үйдің төбесінде шіріп өліңдер!» деп айқай салды... Қысқасы, РОВД-дан спецназ жіберіпті, олар дәрігер болып киініп келіп, бізді бас алды... Содан РОВД-ға оның бастығы Бауэр деген неміс екен, соның бұйрығымен бізді қамады да тастады... Сөйтіп бізді соттағандай болды, айыппұл салды... оның бәрі орындалған жоқ, әншейін бізге жасалған қоқан-лоққы екен...

Бір жылдан асты жұмыссызбын, жанұядағы асыраушы мен ғанамын. Жұмыстан шығарып жіберді, балаларыммен біреудің жер үйін жалдап тұрып жатырмын...

Ауыл шаруашылық министрлігінде алты рет болыппын, талай рет шақырып алады да, жұмысқа тұрғызамыз деп алдайды. Содан бері құқымыз тапталған күйі келеміз. Не үйіміз жоқ, не күйіміз жоқ...

Нұркенова Раушан Сұлтанқызы, еден жуушы: «Құл болғымыз келмеді, бар кінәміз сол»

- Үш балам бар, жалғызбасты анамын. 2009 жылы 29 наурызда жұмыстан шығарып жіберді. Мен ауырып жатқанмын, болничныйым бар. Жұмыстан бұйрықпен шығарып, үйге конвертке салып беріп жіберіпті. Содан Иманғазина мен Ахметжанова «Ауру адамды неге шығардыңыз?» десе, ректор Булашев «Кет дегенде, ит те кетеді, кетіңдер!» деп қуып шығыпты, өзі депутат. ...Мен де әлгі елбасыға хат жазған топта болдым ғой. Содан болар...Ахметжанова Алтын, Омарова Жанар сияқты бізге дейін де бір топ адам қуылған. Олар да біз секілді артық жұмыс жасауға көнбей, ақыларын сұраған адамдар ғой... Тіпті, демалыс күндері де тыным бермей шақыртып алады. Мейрам демей, қосымша жұмыс демей салып қоятын... Қысқасы, құл болғымыз келмеді, бар кінәміз сол... Содан бері жүйкем сыр беріп, аяқ-қолым дірілдейтін ауруға тап болдым.

Сағымбаев Талас Жұмабайұлы, құқық қорғаушы: «Кешкі сағат онда есімді әзер жинадым.»

- 2 жылдан бері осы кісілердің қоғамдық қорғаушысы болып келем. Себебі, бұлар маған келіп, шағымданды, жағдайларын айтты... Жұмыстан қуылғаннан кейін, мен өз міндетіме кірістім. Хат жазбаған жеріміз жоқ, ақырында бұларды жұмыстан шығарды. Ауылшаруашылық министрлігі арқылы Нұркенова Раушанды жұмысқа қайта алдырдық. Бірақ тиісті айлығын дұрыс төлемеген. Сол мәселе бойынша сотқа арыз берілді...

Биыл 15 сәуір күні агротехникалық университетке келдік. Себебі, мен сотқа тиісті құжаттарды сұрай келгем, сенімхатым бар. Өзіне ол қағаздарды бермеген. Содан өзім барсам, ол жерде отырыс болып жатыр. Сұрастырсам, ректор Булашев жұртты өзіне дауыс жинаудың қамымен жинап жатыр екен. Сосын мына кісілер залға өтіп кетті, мені көрген Майер, Булашевтардың төбе шаштары тік тұрып, «маған кет!» деді. Кетпегесін «Мына уродты выкиньте отсюда!» деп айқай салды. Ректор сырттай бақылап отыр.

Содан мына кісілер араласып, жағалас басталып кетті, мен үндемей тұрмын. Ақыры айтақтағасын, төрт-бес жігіт келіп мені бас салды. Сүйрелеп шығып, мені жерге бір құлатты да, басымды еденге ұрғылап, мыжғылай бастады... Далаға шығып, ес жинадым. Әйелдер болмағанда, мені одан әрі  ұрып-соғып тастайтын еді. Сонда да қоймай, полиция шақырып, әйелдер скорый шақырып... сөйтіп, білім мекемесінде ыңғайсыз ахуал орнады. 2-нші ауруханаға апарып, жедел жәрдем қараса, басым соққы алып, миым шайқалған екен. Екі қолым көгеріп кетіпті. Әлі бойым дірілдеп, басым айналады. Кешкі сағат онда есімді әзер жинадым. Учасковый сақшы келіп, қаулы жасап, сотқа бер деп кетті... Сөйтіп, адам құқығын қорғаймын деп, өз елімде өзімнің депутатымның айтағымен өзіміздің студенттерден (күзетші болып істейді екен) таяқ жеп, денсаулығыма қатер төнді. ЖОМ-ның жағдайы жаңағыдай... Денсаулығым осындай... Біздің кәсіподақ жұмысына кедергі келтірді...

Сөз соңы

Т.Ж.Сағымбаев мырза бізге Ауылшаруашылық министрлігіне бағытталған Ашық хатының көшірмесін ұстатты, онда С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ректоры А.К.Булашев, проректор А.В.Майер, бас инженер В.В.Витвицкийдің және олардың «шаңырағы» болған министрліктің жауапты хатшысы Е.И.Аманның өз міндеттеріне сәйкестігін қарау мәселесі сұралған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458