Сенбі, 23 Қараша 2024
3461 8 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 09:37

Үкімет: 2019 жылы көмір мен электр қуаты бағасы арзандайды

Қазақстанда 2019 жылдан бастап электр қуатын өндіретіндерге арналған газ бен тұтынушылар сатып алатын көмір бағасы арзандайды. Бұл туралы қарашаның 26-сы күні Астанада үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев хабарлады.

Үкіметтегі тарифтерді төмендету мәселесіне арналған жиында есеп берген Бозымбаев электр энергиясының бағасын арзандату үшін Ұлттық экономика министрлігімен бірге газдың шектік көтерме бағасын арзандату туралы бұйрық дайындалғанын айтты. Министрлік есебінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатын өндірушілер сатып алатын газдың шектік көтерме бағасы 12-22 пайыз аралығында арзандайды. Министр өндірушілерге арналған газ бағасы арзандаған соң электр қуаты қаншалықты арзандауы мүмкін екенін айтпады.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмір өндірушілер, тасымалдаушылар мен оны отын базасына қабылдап, сататындар және жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған келісім бойынша Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент және Семей қалаларында тұрғындарға көмір бағасы 16-18 пайызы аралығында арзандайды деп жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 7-сі күні Қауіпсіздік кеңесінің жиынында табиғи монополияны реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің жұмысын сынап, үкіметке жыл соңына дейін тарифтерді төмендетуді тапсырған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371