Жексенбі, 24 Қараша 2024
2047 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:02

Түркістан қаласында 30-ға жуық әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан салынады

Елбасы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруатты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында жаңадан құрылған Түркістан облысына үлкен көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан болатын.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бірқатар сәулетшілермен кездесіп, Түркістан қаласын дамыту мәселесін жан-жақты талқылады.

Аймақтың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жиын барысында Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Қаламызды туристік орталыққа айналдыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға отандық және шетелдік мамандар қатысты. Атап айтқанда, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан елдерінен 42 кәсіби сәулетшілер бақтарын сынады. Бірақ, хаттамаға сәйкес 22 жоба жолданды. Оларға қойылып отырған басты талап, қаладағы жаңа құрылыс сәулет стилі жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сай болуы тиіс. Сондай-ақ, қаланың барлық тұсынан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі көрініп тұруы керек. Мұнымен мәселе шешілмейді. Түркістан облысының қарыштап дамуы біздің ерен еңбегімізге тікелей байланысты. Сондықтан, ел ертеңі үшін, балаларымыздың болашағы үшін ортақ жұмыстарды атқарып, жан-жақты қосылуымыз қажет», - деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі Түркістан қаласында Елбасының ұсынысымен бірқатар Ұлттық компания, бизнес өкілдері мен шетелдік инвесторлар 30-ға жуық әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан салатынын жеткізді. Одан бөлек, жоба аясында туристер мен жергілікті халыққа қызмет көрсететін мейрамханалар, дәмханалар мен арбаттар салынбақ.

Бүгінде бой көтеретін нысандардың эскиздік жобаларына халықаралық конкурс жарияланған. Өңір басшысы сәулетшілерді қаланы дамытуға байланысты ұсыныс білдіруге және жарияланған байқауға белсенді қатысуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604