Жексенбі, 24 Қараша 2024
2043 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:24

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Халқын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 7-20-25 атты бағдарламасын қабылдаған болатын. Сондай-ақ, “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Халыққа Жолдауында да бұл мәселеге баса назар аударылды.

Жолдаудан кейін осы мәселеге орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Тараптар «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарын сөз етіп, кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін талқылады

Кездесу барысында қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды. Аталған банктің өңірлік жетекшісі саладағы атқарылған бірқатар жұмыстардың барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы «Баспана» мекемесімен қол қою шараларын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап банк ұжымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстарды іске асыра бастайды.

Сонымен бірге, басқосуда Құдайберген Сейтмамбетов әкімге облыс тұрғындары үшін өте тиімді де, ыңғайлы болатын ұсынысын жеткізді. Алғашқы салымсыз-ақ, баспаналы болуға болатын жобада қарапайым халықтың жағдайы ескерілген. Мұнан бөлек, банк өкілдері әкімдік тарапынан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде қолдау көрсетуді сұрады.

Осынау ұсыныс, тілектерге қаныққан аймақ басшысы, ең бастысы, баспаналардың қолжетімді болуы қажеттігін атап өтті. «7-20-25» бағдарламасын өңірде мықтап қолға алу үшін түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуді тиісті басқарма басшыларына тапсырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы «7-20-25» бағдарламасын облыста іске асыру мақсатында Түркістан қаласында құрылыс компаниясы «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (288 пәтер, 15,6 мың ш.м.) құрылысын бастаған болатын. Бұл пәтерлерді 2019 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып, барлық үйлерді «7-20-25» бағдарлама арқылы тарату көзделуде. «7-20-25» бағдарламасы арқылы салынған тұрғын үйлерді тарату облыстың Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшылығының мәліметіне сәйкес 2019 жылы облыс орталығы - Түркістан қаласында банктің облыстық филиалы ашылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608