Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2099 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 19:32

Білге КҮЛТЕГІН. Оралмандарды орынды пайдаланып, этнотуризммен елді танытуға болады

90-жылдардың басында Моңғолиядан қозғалған ұлы көштің алғашқы легі Алматы түбіне келіп қоныстанған еді. Олар ешкімге қол жайып, әлдеқандай жеңілдік сұраған жоқ. Бутаковка елді мекенінің жоғарғы жағына орналасқан қандастар алма бағын баптап, қымыз-қымыран, шұбат-шалабын кәдеге жаратып, қымызхана-шұбатхана ашып, өзіндік тіршілік қамын жасап жатқан жайы бар.

Дегенмен олар қоныстанған бір кезде Шыбынды сай аталған, бүгінде «Медеу» табиғи бағына қарасты жердің тағдыры әлі шешілмей келеді. Бертінге дейін қандастар қоныстанған жерінің жағдайы қалай боларын білмей, дал болып келген еді. Өйткені Аятхан Түсіпбекұлы бастаған 64 әулет орналасқан осы мекен тиісті шешімнің шыққанына қарамастан, әлдекімдердің көзінің сұғына айналған болатын.

Бірақ былтыр «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болып, осы жайды талқылағаннан бері мәселенің беті бері қараған сынды. Дегенмен соның өзі созылып бара жатқанға ұқсайды. Тек партия мен Алматы әкімінің тапсырмаларын бер жақтағы көкелер бұлтаққа салмаса болғаны.

Аятхан ТҮСІПБЕКҰЛЫ:

- Көшіп келген соң Бутаковка тау шатқалынан заңды келісімшарт бойынша әркім өзіне тиісінше жер алып, үй тұрғызып, алма бағын күтіп, өз отбасымызды өзіміз асырай бастағанбыз. Ал 2006 жылы «осы жер 49 жылға жалға берілсін» деген қаулы шыққан. Сол шешім іске аспай, бір жыл алыстық. Легализациялауға есік ашылғанда, құжаттарымызды оған да өткіздік. Алайда ондағылар бір жыл ұстады да, заңдастыру мерзімі аяқталуға екі күн қалғанда «болмайды» деп қайтарып берді. Онда да комиссияның шешімі болса бір жөн ғой, жалғыз бастығының ғана қолы қойылған бір жапырақ қағаз қайтып келді. Алайда былтыр «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына барғаннан кейін мәселе шешіле бастады. Оның үстіне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те бұл мәселені реттеуге ықылас танытқан. Әкім мен «Нұр Отан» партиясының жергілікті өкілдерінің осыған байланысты тапсырма бергеніне қарамастан, жердің мемлекеттік актісі әлі күнге қолға тимей жатыр. Ендігіде осы жерді бес жыл-бес жылдан жалға алу мерзімін ұзарта отырып, жұмыс істейтін халге келетін түріміз бар.

Аятхан асқақал отырған Шыбынды сайда қазір аршыған жұмыртқадай бірнеше киіз үй тігілген. Үйлердің барлығы да қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Мұнда демалыс күндері тіпті орын жетпей жатады. Сондықтан табиғат аясында, қазақтың киіз үйінде отырып демалғысы келетіндер алдын ала тапсырыс беріп қояды.

Жер мәселесі түбегейлі шешілетін болса, Аятхан әулеті осы аумақта арнайы «Хан ордасы» деп аталатын ұлттық кешен салуды көздеп отыр. Өңшең киіз үйден тұратын қалашықта қаршыға-бүркіт баптаудың сан түрі көрсетіліп, ұлттық ойындар өткізілмек.

Салт-дәстүрдің басқа да үлгі-нұсқалары таныстырылатын қалашықтың жобасын көрсеткен Аятхан ақсақалдың айтуынша, көшпенді ел мәдениетінің жетістігін көруге құмартып келетіндер қазірдің өзінде баршылық. Тіпті кезінде Ресейдің вице-премьері болған, қазіргі министр Виктор Христенко да осы шағын қалашыққа арнайы соғып кеткен екен. Оның сыртында Алматы төңірегін аралаған шетелдік туристер де Аятханның шұбатханасына ат басын бұрып кетіп тұрады.

Мұның бәрі кезінде ел ағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Аятханға сыйға тартқан киіз үйден басталған екен. «Мәдениет саласында тер төгіп жүрген депутат Нұрлан Өнербай тәрізді азаматтар да елдің салт-дәстүрін танытуға бағытталған осы ұмтылысты қолдап отыр», - дейді Аятхан ақсақалдың өзі.

«Медеу» табиғи бағында этнотуризм мен экотуризмді дамытуға бағытталған осы талпыныс қолдау тапса, қанеки!

Еркетай АМАНЖОЛ, халықаралық туризм бойынша маман:

- Оралмандарды біз туризм саласына бағыттап, пайдалана алмай келеміз. Біріншіден, қандастар өздері бұрын тұрған елдері мен Қазақстанның жағдайын тәуір біледі. Елдегі ерекше бір үрдісті сыртқа жаюға, сырттағы тиімді тәсілді елде жүзеге асыруға қандастар армиясы - табыла бермейтін тетік. Екіншіден, сырттағы қандастар өз ата-баба дәстүріне адал, тіл мен ділін сақтай білген қауым. Оларды туризмге тарту арқылы осы саланы қазақыландыруға болады. Тек қазақ тарихының көрінісін көрсету арқылы елдің турист тарту қабілетін арттыруға болады. Шетелдіктер үшін шеттегі сәулетті қазақ елінде көру таңсық емес, олар біздің елден тек біздің ғана келбетімізді көреміз деп келеді. Сондайда қазақы бояу, қазақы дәстүрді көрсету үшін қандастар ел мәдениетіне өзіндік үлес қосқан болар еді.

Білге КҮЛТЕГІН

«Алаш айнасы» газеті 12 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636