Жексенбі, 24 Қараша 2024
2056 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 11:24

Сарыағаш ауданында цифрландыру жобалары сәтті жүзеге асуда

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Түркістан облысындағы цифрландыру орталығының» директоры Асылбек Жангуловтың айтуынша, мұндай құжаттар тың жобаларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер береді.

«Облыста сандық форматқа көшу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, қазіргі күні денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, транспорт және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы сияқты бес салада 27 жоба жүзеге асырылып жатыр. Біздің филиалдың бір ай бұрын ашылғанына байланысты, әзірге, аталған құжаттарды түзуге келісім берген алғашқы аудан Сарыағаш болып отыр. Алдағы уақытта мұндай келісімдер Түркістандағы барлық аудан, қалалардың әкімдігімен жасалып, жұмыстарды бірлесе атқарамыз деп ойлаймын», — деді Асылбек Жангулов.

Өз кезегінде, Сарыағаш қаласының әкімі Сәуле Сүлейменова «Түркістан» ӘКК» «Цифрландыру орталығының» өкілдеріне алғысын білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5675