Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
1858 0 пікір 13 Қараша, 2018 сағат 21:37

Түркістанда тоғыз айда 300 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел дамуының даңғыл жолын айқындап берген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауына негізделген. Жолдауда «Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс» деп отандық өндірушілерді қолдау керектігіне ерекше назар аударылған.

Осы орайда айта кету керек, 2018 жылдың 9 айы қорытындысымен Түркістан облысында маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталып отыр. Мәселен, күні бүгінге дейін аймақта 300-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындарымен 323,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Нақтырақ айтар болсақ оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру 8,0% — ға (69 748,7 млн.теңге) артса,жеңіл өнеркәсіп 28,3% — ға (3 850,3 млн. теңге) өскенСонымен қатар, химия өнеркәсібі 3,5% — ға (358,2 млн. теңге), басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру 3,8% — ға (8 507,5 млн. теңге) жетіп отыр. Мұнан бөлек, дайын металл бұйымдары 20,5% — ға (10 027,8 млн. теңге),фармацевтика өнеркәсібі 5,3% — ға (318,7 млн. теңге) артқанын айта кеткен жөн.

Abai.kz

0 пікір