Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3112 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 12:14

Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты

Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын барынша көтеру жайы баса айтылған еді. Осы бағытта Түркістан облысында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы басты назарға алынып отыр.

Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Ағымдағы жылдың 10 ай көлемінде межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілген. Аймақта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қолға алынып, 6 бағыт бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, Сайрамның 2025 жылға дейінгі даму концепциясы әзірленген. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Бақтияр Мамаев Түркістан қаласында өткізген баспасөз-брифингісінде мәлімдеді.

Сайрамның өнеркәсіп саласында ағымдағы жылдың 10 айында 33 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Даму концепциясына сәйкес жыл соңына дейін көрсеткішті 39 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.Облыс деңгейіндегі өндіріс кәсібі бойынша Сайрамның үлесі 10% құрап, 2 орында тұр. «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» жалпы құны 8 млрд.теңгені құрайты 13  жоба енген. Индустрияландыру картасы аясында қолға алынған бастамада қазір 8 жоба іске қосылған. Бұл кәсіпорындарда 391  жұмыс орындары ашылған.

Бақтияр Мамаев – Сайрам ауданының әкімі

Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғындардың 97 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Қазір Манкент елді мекенінің екінші бөлігіне тіршілік нәрі жеткізілуде. Ол үшін қазына қоржынынан 690 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, 42 елді мекеннің 19-ы  табиғи газбен қамтылғанДаму концепциясына сәйкес 2018-2021 жылдар аралығында 23 ауылдың тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету көзделген. Оның 10-ы осы жылы көгілдір отынға қол жеткізеді.

Сансыз баптар елінде жыл басынан бері бірқатар әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан. Аудан аумағында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 5 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Осы арқылы бағдарламаның жылдық жоспары 90 пайызға орындалып отыр.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076