Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2248 0 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 14:44

Түркістан облысында «Алыстағы ағайын» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алған кезеңнен бері шеттегі қандастардың елімізге оралуына барынша жағдай жасап келеді. Осы бағытта Дүниежүзі қазақтар қауымдастығын да құрған болатын. Жуырда осы қауымдастықтың төраға орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Түркістан облысындағы халықпен кездескен еді.  

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай, жыл басынан бері түрлі мәдени іс-шаралармен қатар ғалым, жазушы ағаларымызбен кездесу кештері ұйымдастырылса, бүгін міне асыл азамат, іскер басшы жерлесіміз Зауытбек Қауысбекұлының мұрындық болуымен шет елдегі отандастарымыз жайлы  түсірілген «Алыстағы ағайын» атты деректі фильмін тамашалап отырмыз. Осы орайда айта кететін жайт Зауытбек Қауысбекұлының атсалысуымен Ташкент қаласында  Төле би бабамыздың ескерткіші қайта жөнделсе, Мәскеуде жерлесіміз Тұрар Рысқұловтың ескерткіш тақтасы ашылған болатын, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы. Зауытбек Қауысбекұлына ауданға арнайы келіп, тұрғындармен кездесуге алтын уақытын бөлгені үшін алғысын білдіріп, Түлкібас ауданының 90 жылдық төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар кездесу барысында Зауытбек Қауысбекұлының ұйытқы болуымен түсірілген «Алыстағы ағайын» атты қиын қыстау заманда Түркия еліне қоныс аударған қазақ ағайындар туралы деректі фильмінің тұсаукесері өтті.  Осы мақсатты бүгінгі көрсетіліп отырған деректі фильм кезінде қазақ халқы үшін өте нәубат жылдар болған яғни ашаршылық кезінде тарыдай  шашыраған қазақ халқының тағдыр тауқыметі баяндалады. Болашақ ұрпағының амандығы үшін бас сауғалаған қазақ халқы көршілес Қытай, Түркия, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан тағы басқа да мемлекеттерге қоныс аударды. Бүгінгі деректі фильмде бейнелеген кейіпкеріміз алғашқы кезде  Қытай және Үндістан елінде болып, түрлі қиындықтарды басынан кешеді. Көш кезінде көрші мемлекеттерде ашаршылыққа, суыққа төзе алмаған отандастарымыздың бірі жол бойында қаза тапса, бірі көрші мемлекетте дүние салғаны баяндалады. Алайда тілі бөлек болғанмен жүрегі бір, түбі бір  Түркия  елі құшақ жая қарсы алып, фильмде көп көмектер көрсетілгені айтылады. Бүгінде Түркия елінде 20 мыңға жуық қазақтар өмір сүруде.

Кездесу соңында сөз алған Зауытбек Қауысбекұлы туып өскен өлкесіне келіп, жерлестерімен кездесіп айрықша қуанышқа бөленгенін жеткізіп, дүниежүзі қазақтар қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында шет елдерге қоныс аударған ағайындармен тығыз байлыныста жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтты. Кездесуге келген аудан тұрғындары  Зауытбек Қауысбекұлының  қызмет барысында жүргізген тарихи зерттеулерін зейін қойып тындап, өз тараптарынан ыстық лебіздерін білдірді.

Abai.kz

0 пікір