Жексенбі, 24 Қараша 2024
1991 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 15:51

Арыс қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабатты үш үй салынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылату бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Және, тұрғындары баспанамен қамтамасыз ету үшін “Нұрлы жер” бағдарламасы да қабылданған еді.

Осыған орай, Түркістан облысының Арыс қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үш көпқабатты үй салынды. Бұлар – шаһардағы жаңадан бой көтерген шағынаудандағы алғашқы нысандар.

100-ден астам пәтер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға және кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Әлеуметтік баспананы салуға мемлекет қазынасынан 800 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген екен. Бұдан бөлек тура осы маңда тағы 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келесі жылы пайдалануға берілмек. Мұнан кейін жергілікті әкімдік мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған бірнеше 5 қабатты үй салуды көздеп отыр. Мақсат – ауылға қажет мамандарды баспанамен қамту.

«Тұрғын үй кезегінде тұрған 1388 адам бар. Солардың 106-сы осы үйлерден пәтер алады. Тағы 5 қабатты 5 үй салынады. Сонымен, қалғаны 1-2 жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі» дейді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583