Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
4624 2 пікір 30 Қараша, 2018 сағат 16:02

Ж.Түймебаев: Ұлт көшбасшысының көрегендігін бүкіл ел біледі және құрметтейді

Бүгін Түркістан қаласында Тұңғыш Президент күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтіп жатыр. Мерейлі мерекеге түрлі салада қызмет атқаратын облыс тұрғындары, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысуда.

Шараға келгендер алдымен Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дың фойесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмемен танысты. Көрмеде Елбасымыздың қоғамдық және саяси қызметінен сыр шертетін құнды фотосуреттер мен дерекетер қойылған.  Одан кейін жиылған көпшілік салтантты жиынды тамашалады. Басқосуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұртшылықты мерекемен құттықтап, Елбасының батыл бастамалары мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы жөнінде баяндама жасады.

«Баршаңызды Қазақстан Ремпубликасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл бұл мерекені жаңа облыс орталығында, яғни, Түркістан қаласында алғаш рет атап өтудеміз. Бұл да тарихи сәт. Түркістанымыз көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр.

Бүгінде Қазақстан Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналды. Ұлт көшбасшысының көрегендігі мен саяси қайраткерлігін бүкіл ел біледі және құрметтейді. Міне, елдің ыстық ықыласының нәтижесінде бірнеше жылдан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп жүр. Бұл ел перзентіне, Ұлт көшбасшысына берілген әділ баға және лайықты құрмет!» , — деген Түркістан облысының әкімі бір топ азаматқа «Астана 20 жыл» мерекелік медалі мен облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Салтанатты шараның жалғасы кешкі мерекелік концертпен өрнектелетін болады.

 Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963