Жексенбі, 24 Қараша 2024
2098 0 пікір 18 Қараша, 2018 сағат 20:41

Түркістан облысы. Ауылға ауыз су берілді

Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын барынша көтеріп, тұрмыс жағдайларын жақсартуды тапсырған болатын. Елбасы тапсырмасы аясында өңірлер халықтың ауыз сумен толық қамтылуы үшін қызмет атқаруда.

Ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету –басты міндеттердің бірі. Әсіресе, шалғай елдімекендерге жеткізу халық тіршілігін жақсартуға сеп болмақ. Оның тиімді қызмет етуі және тұрақты дамуы экономиканы көтеруге әсер етпек.Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жиенқұм ауылына ауызсу берілді.

13 шақырымдық су құбыры желісінің құрылысы  мамыр айында басталды.Бөген ауылдық округіне қарасты Жиенқұм елдімекенінің тұрғындары енді алыстан су тасып сабылмайды. Енді ауыл тұрғындары есігінің алдына келіп тұрған  судың ақысын  уақытылы төлеп тұрса болғаны.

Мақұлбек Тілеубердиев – ауыл қариясы

Құрылысты «Ar Kua Grоup» ЖШС жүргізген.Мердігер мекеме құрылыстың сапалы жүруін басты назарға алған. Сонымен қатар нысанды белгіленген уақыттан  бұрын тапсырып, елдің қуанышын жақындатты.

Марат Мұсаханов - «Ar Kua Grоup» ЖШС-інің жауапты қызметкері

Өркениетті елдерде  тұрмысқа қажетті игіліктер  шалғай ауылдарда да қолжетімді болуы тиіс.Бұған үкімет те айрықша көңіл бөлуде. Сол себепті 2020 жылға дейін ауыз су мәселесін толық шешуді міндетіне алып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568