Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2296 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 22:59

Түркістан облысында жаңа суқойма салынады

Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеруге бас назар аударғаны да белгілі.

Шардара қаласының маңынан тағы бір суқойма салынады. Артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерлердің көлемін арттыру қажет. Тиісті сала мамандарының басын қосқан Жансейіт Түмебаев осылай деді. Алқалы жиында аймақтың қыс маусымына дайындығы сөз болып, кемшін тұстарын толықтыру жайы айтылды.

Бүгінде аймақтағы суқоймалардың қауіпсіздігі қатаң қадағалануда. 2018-2019 жылдардың қысқы кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған жұмыстар әзірленген. Республикалық маңызы асуларда7, облыстық маңызы бар жолдарда 4 жылыту бекеттері орналасқан. Алдағы уақытта «Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймалардағы су қорын тиімді пайдалану керек. Осыны ерекше назарға алған Жансейіт Түймебаев Сырдария өзені бойынан жаңа суқойма салу бойынша құжаттарды әзірлеп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауды мықтап тапсырды.

ОБЛЫСТЫҢ ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Осының бәрі біздің облыс үшін қажет! Неге біз суда Өзбекстанға бұрып қойып отыруымыз керек. олай болмайды! Сол суды Шардараның арғы жағынан суқойма салып, құмға жіберіп қойсақ, сол жерде мал бордақылауға болады. Ондай тәжірибе Алматыда бар мысалыға.

Өңірдегі 3 мыңға тарта бюджеттік мекеме қыс маусымына толық дайын. Жылу науқанына қажетті 169 мың тонна көмір отыны және 6 млн. литр сұйық отын толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 544 көпқабатты тұрғын үй жылу беруге дайын. Бірақ, салада кемшін тұстар көп. Облыс көлемінде электр энергиясының жиі сөнетіндігін сынға алған әкім 53 мың кВт жарық берілмегендігін жеткізді. Сондай-ақ,  Шардарада көмір бағасының шарықтап кеткендігін алға тартып, тиісті сала мамандарына қатты отынның құнын тұрақтандыруды тапсырды. Өңірдің кей аудандарында кенжелеп тұрған газ құбырын тарту жұмыстарын ширатуды аудан әкімдеріне нұсқады.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Депутаттар келіп, біздің өңірді аралағанда міні, маған да айтып жатыр, газ құбырын тартуды ширату керек деп. Біщде әркім қараусыз қалдырған, сосын келіп, депуттарға шағымданады. Қою керек ондайды, аудан әкімдері жұмысты жандандыру керек.

Қазір аймақтағы автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстары да қызып тұр. Күре жолды күтіп-баптауға 134 бірлік техника, 279 адам жұмылдырылған. Инертті материалдар жеткізілген. Жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауда аса мұқият болу керектігін айтты. Сондай-ақ, Түркістан-Шымкент, Шымкент-Сарыағаш бағытындағы автомобиль жолында жол көлік оқиғасын азайту мақсатында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды  тапсырды.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ    

Abai.kz

0 пікір