Қой терісін жамылған қасқырлар, қайдасыңдар?!
Кремльдік бас пропагандистің бірі, "Ресей" телеарнасының басшысы, Путиннен күн сайын сұқбат алып, әмпай-жәмпай болып, апталық қорытынды хабарында Батыстың быт-шытын шығарып, жерден алып, жерге салып жүрген Брилевтің екінші азаматтығы бар болып шықты. Ол Британ тәжі құзырында екен.
Не деген адами әрі идеологиялық екіжүзділік!
Бізде де - билікте, олигархтық бизнесте және ақпарат саласында - екі паспорты бар қанша қой терісін жамылған қасқырлар төл отанына қарап, іштей ұлып жүр екен?!
Құзырлы органдар осының бәрін бір тексеріп шықса!
Әміржан Қосанның facebook парақшасынан
Abai.kz