Түркістан облысында қуаттылығы 4,8 Мвт-ны құрайтын күн электр стансасының құрылысы басталмақ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5-әлеуметтік бастамасының негізінде тұрғындардың электр энергиясын тиімді әрі үнемді тұтынатын тұрғын үйлер пайда болу қажеттігін ескерткен болатын. Елбасының осы тапсырмаларына сәйкес, биыл Түркістан облысының, Жетісай ауданында қуаттылығы 4,8 Мвт-ны құрайтын күн электр стансасының құрылысы басталмақ.
«Компания Кади» ЖШС-гі қолға алғалы отырған жобаның құны — 2,5 млрд.теңгені құрайды. Бұл станса Жетісай қаласының іргесіндегі бұрынғы күл-қокыс полигонының орнынан бой көтермек. Ондағы жер көлемі 10,7 гектарды құрайды. Аталған инвест жобаның іске асуына германиялық «NW COMP SOLAR GMBX» қолдай білдіргелі отыр.
Сондай-ақ, алдағы жылы Жетісай ауданында ресейлік «Авеллар» компаниясының өзіндік қаржысы есебінен қуаттылығы 20 Мвт күн электрстансасын салу жоспарлануда. Жобаға бүгінде әкімдік тарапынан қажетті 40 гектар жер учаскесі машиналық әдіспен суғару каналы жанынан ұсынылып отыр.
Бұдан бөлек, алдағы жылы ауданда 20 гектарға зәйтүн ағашын отырғызу ойластырылуда. Бұл іске испандық және алматылық кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр. Осы мақсатта аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев кәсіпкерлермен арнайы кездесіп, нәтижесінде жобаға қажетті үш жер учаскесін ұсынды. Енді испандық кәсіпкерлер ұсынылған жерлердің топырақтарын сараптама жасап, қорытындысы талапқа сай келіп жатса, жер телімдерін егістікке дайындауға келісімдерін берді.
Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен өңірде бақша дақылдарын қайта өңдеп, дайын өнім шығаруға бағытталған жобаны іске асыру көзделуде. Бұл мақсатта әкімдік тарапынан жобаны іске асыруға қажетті жер учаскесі қарастырылуда. 100 млн.теңгені құрайтын жоба қуаттылығы тәулігіне 10 тонна өнім шығаруға қауқарлы.
Abai.kz