Сенбі, 23 Қараша 2024
3877 1 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 10:23

Б. Сағынтаев Oberoi үнді компаниясының өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев даму жөніндегі басқарушы директоры Арджун Оберойдың басшылығымен Oberoi үнді компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында компаниямен туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстанда қонақ үй кешендері желісін салу және іске қосу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

1934 жылы құрылған Oberoi тобы 32 отельді, Нілде екі крейсерді және Кералы шығанағында моторлы кемелерді басқарады. Топ алты елде жұмыс істейді. Компания рейстерге қызмет көрсету, әуежайлардағы мейрамханалар, туристік қызметтер, автомобильдерді жалға беру, жобаларды және корпоративтік чартерлерді басқарумен айналысады. Oberoi технологияларда, жабдықтар мен өндірістік процестерде ең үздік тәжірибені пайдалануға тырысады. Қонақ үй менеджменті саласындағы сапалы дайындықтықтың маңыздылығын мойындай отырып, Oberoi Group 1966 жылы Нью-Делиде Oberoi оқыту және даму орталығының негізін қалады. Бүгінде бұл мекеме Азиядағы ең үздіктердің бірі болып табылады және жыл сайын 100-ге жуық түлек шығарады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364