Сенбі, 23 Қараша 2024
4207 0 пікір 9 Желтоқсан, 2018 сағат 18:46

Г.Әбдіқалықова: Ана мен баланы қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясаты: жетістіктер мен перспективалар» атты халықаралық конференцияға қатысты. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, бизнес құрылымдары, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендікті орнату және оны нығайту ісінде Қазақстан әйелдерінің зор рөл атқарғаны жөнінде айтқан сөзіне тоқталды.

– Ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстанның отбасылық-гендерлік саясат саласындағы жетістіктеріне мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бизнес қоғамдастықтың өзара тиімді іс-әрекеті нәтижесінде қол жеткізілді, – деді Г.Әбдіқалықова.

Ұлттық комиссияның 20 жылдағы қызметі барысында Гендерлік теңдік стратегиясы жүзеге асырылды. Гендерлік бағыттағы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Барлық мемлекеттік органда гендерлік саясатты іске асыруға жауапты тұлғалар белгіленді.

Бүгінде депутаттардың жалпы санының 22 пайызы немесе 34-і – әйел, мемлекеттік қызметте 55 пайызға жуық, саяси мемлекеттік қызметшілер арасында 10 пайыздан астам әйел еңбек етеді. Шағын және орта бизнесте 500 мыңнан аса компанияны әйелдер басқарады.

– Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы алдында тұрған басты міндеттер: «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру, 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы индикаторларының орындалуына белсене атсалысу, – деді Мемлекеттік хатшы.

Соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференцияда айтылған жаңа идеялар, ойлар мен ұсыныстар Ұлттық комиссияның одан әрі жұмысында қолданылатыны жөнінде айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391