Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4156 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 04:57

Су тасқыны кезінде аянбаған құтқарушылар табиғи апат зардаптарын жоюға белсене қатысуда - БҚО

ОРАЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сәуір айындағы су тасқыны кезінде облыстық суда құтқару қызметі бұл сынақтан абыроймен өтті.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінің аға әдіскер-құтқарушысы Аян Қаражанов мәлім етті.

-Біз жылма жылғы дағдымыз бойынша биыл да көктемгі су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстарына дайындалдық, деді ол. Кейбір шараларды су тасқынынан бұрын да жүзеге асырған едік. Мәселен, Қазталов ауданына бес адам, бір қайықтан тұратын мұз жарғыштар тобы «УАЗ» көлігімен жіберілді. Олар алдын ала мұз жарып, тасқынды болдырмау шараларын іске асырды.

Өкініштісі сол, Тасқала, Зеленов және Орал қаласының төңірегін алып кеткен су тасқыны тосыннан келген табиғат апаты болатын. Апат басталған күні, яғни 9 сәуірде жедел хабар алысымен, үш адам  моторлы  қайықпен Тасқала ауданына аттандық. Аудандағы әріптестерімізбен тығыз байланыс ұстап, іске кірістік. Рациямыз бар. Ұдайы байланыстың нәтижесінде кешкі сағат 6-дан таңғы  бес жарымға дейін тек бір қайықпен 70-тен астам адамды қауіпсіз жерге көшірдік. Ең бірінші кезекте мүгедектер, қариялар, ауыр аяқты әйелдер мен балаларды жеткізуге маңыз берілді. Келесі күні де жұмыс одан әрі жалғасты. Жанымдағы әріптестерім, елуді еңсерген қос құрдас Темірхан Молдашев пен Юрий Рассолов аянбай әрекет етті. Қандай ма болсын қиыншылықтан іркілген жоқ. 10 сәуір күні Тасқалаға құтқарушылардың екінші тобы келіп жетті. Біз сол күндері ұзын саны 493 жанды құтқарған екенбіз.

12 сәуір күні  таңғы сағат тоғызда «Деркүл ауылы су құшағында» деген суыт хабар алдық. Дереу облыс орталығының іргесіндегі елді мекенге аттануға тура келді. Мұнда бір топтағы үшеуміз тағы да СМО зауыты төңірегіндегі аумақтан 30 адамды құтқардық. Басқа да құтқарушылармен бірге талай адамды ажал мен азаптан алып шығуға мүмкіндік болды.

Шыны керек, құтқару барысында күрделі жағдайлар да кездесті. Судың кесірінен ауланың қақпалары ашылмай, қайық өткізуге кедергі жасады. Бір жағдайда тіпті сым қоршауды қысқашпен қиып, жол ашуға мәжбүр болғанымыз да бар. Қанша шаршасақ та, қолғабысыңа ділгер жандар көз алдыңа елестегенде, қажығаныңды ұмытып  кетеді екенсің. Темірхан екеумізді көп ұзамай штабқа есеп беруге шақыртқанда да кеткіміз келген жоқ.

Біздің есебіміз бойынша өңірімізде су тасқыны 9-17 сәуір күндері өтті. Міне, осы төтенше оқиғаның жолын кесуге суда құтқару қызметінің 49 адамы, 11 жүзу құралы, 6 көлігі жұмылдырылды. Тасқын барысында 48 көмекке шақыру дабылы түсті. Нәтижесінде 1965 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«Бүгінде әріптестеріміз «Еуразия» туристік-сауықтыру кешені, саяжайлар аймағы және тағы басқа нысандардан су сору жұмысын жүргізіп, тасқынның зардаптарын жоюға белсене араласуда. Бұдан басқа апаттан зардап шеккен Достық ауылында адамдардың су арқылы қатынасын ұйымдастыруға көмек беріп жатыр. Ең бастысы сол - біздің ұжым бұл жолы да кәсіптік парызына қаншалықты даяр екенін іс жүзінде дәлелдеп шықты», деді А.Қаражанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308