Тәуелсіз Қазақстан және Әлем
Қазақстан өз тәуелсіздігін жарияласымен көптеген әлем елдерінің тарапынан мойындала бастады. 120 елден астам ел Тәуелсіздігімізді мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орната бастады. Алыс-жақын шет елдік Елшіліктер елімізде ашылып, сырт ел тәуелсіздігімізді тани бастады.
Осыған орай 1 желтоқсан Президент күніне орай назарларыңызға ҚР Президентінің Мұрағатынан алынған бірегей құжаттарды ұсынамыз.
Мұнда 1991-1992 жылдары Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып, таныған елдердің ресми хаттары бар.
1991 жылдың 30 желтоқсан күні Мәскеудегі Австралия Елшілігінің ҚР СІМ Тәуелсіздікті мойындау жөніндегі ресми хаты. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 128.І, 1-2, 5-6 Б).
1991 жылдың 31 желтоқсан күні ГФР Президенті Рихарда фон Вайцзеккердің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚР Тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеп жазған хаты. (ҚР ПМ, 75-Н.-Ф, 1.Ж, 108.І, 1-3 Б).
1992 жылдың 17 қаңтар күні Швеция королі Карл Густафтың ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚР Тәуелсіздігін ресми мойындайтынын айтып жазған Халықаралық телеграммасы. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 111.І, 1Б).
1991 жылдың 28 желтоқсан күні Жапония Сыртқы істер министрі Митио Ватанабэның ҚР Сыртқы істер министрі А. Х. Арыстанбековоға Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеп жазған хаты. (ҚР ПМ, 75-Н-Ф, 1.Ж, 132.І, 5-7 Б).
Abai.kz