БҚО-дағы тәртіптік кеңес көші-қон полициясының екі қызметкерін қызметінен босату туралы ұсыныс жасады
ОРАЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 28 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы болып, онда бір топ мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік істері қаралды.
Ақжайық ауданы прокуратурасының ұсынысымен аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон полициясы тобының аға инспекторлары Мәди Темірғалиев пен Светлана Ноқатованың істері талқыға түсті. Өзбекстан азаматтарын әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында аталған қызметкерлер заңбұзушылыққа жол берген. Прокуратураның анықтағанындай, Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен келдім десе де, жұмыс жасаған (Атырау-Орал күре жолы маңында кабель қазумен айналысқан) шетелдің төрт азаматын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 394-бабы 2-бөліміне сәйкес жауапқа тарту керек еді. Оның орнына аталған адамдар аталмыш баптың 1-бөлімі бойынша ғана жауапқа тартылып, ескерту берілген. Бұдан кейін Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы маңындағы вагонына қайта оралып, жұмысын жалғастырған өзбекстандық төрт азаматқа биылғы 24 ақпанда қарақшылық шабуыл жасалып, оқ атылып, біреуі қолынан жараланған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Істі талқылай келе, тәртіптік кеңес шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылық жасауға жол берген М.Темірғалиев пен С.Ноқатованы жұмысынан босату туралы БҚО ішкі істер департаменті бастығына ұсыныс жасады.

Орал қаласы көлік прокуратурасының ұсынысымен БҚО ІІД жол полициясы басқармасы кезекшілік бөлімінің қызметкерлері Самат Темірғалиев, Сәбит Аманшин, Ерлан Құрмашев, Марат Дюсюков, Едігер Есенжанов, Серік Ғұсманов та тәртіптік кеңестің алдына келді. Тексеру барысында аталған қызметкерлердің теміржол өткелінен өту кезінде ереже бұзушылыққа барған кінәлі жүргізушілерді есеп журналына тіркемей, олардың әкімшілік жауапкершіліктен бұлтаруына жол бергені анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылыққа барғаны үшін С.Темірғалиев, С.Аманшин, Е.Құрмашев және М.Дюсюковқа сөгіс беру ұсынылса, тәртіптік кеңес мүшелері С.Ғұсманов пен Е.Есенжановқа мұның алдында аталмыш департамент берген тәртіптік жазамен шектелген дұрыс деген тоқтамға келді.
Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Мереке Разов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Виталий Кушнер, қала әкімі аппараты мемлекеттік құқық жұмыстары бөлімінің бас маманы Ерлан Нұрашев, комиссия мүшелері Руслан Мәмбетәлиев пен Ғұмар Садықовтың істері аталған мемлекеттік қызметкерлердің кінәсі жоқ деп табылғандықтан, қысқартылды.
Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес жеке кәсіпкерге жалға берілген жер бойынша ауыл шаруашылығы шығындарын өтеуді уақтылы орындамай, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылыққа жол берген Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Талғат Үмбетовтің «үлесіне» ескерту тиетін болды.