Сенбі, 23 Қараша 2024
3988 1 пікір 12 Желтоқсан, 2018 сағат 11:04

Бауырлас елдер әрқашан бірге

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Елдің ең үлкен мерекесі. Желтоқсан – Қазақстандықтар үшін қасиетті де қастерлі мерекені атап өтетін ай. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты қабырғасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған жиын өтті.

Жиында баяндама жасаған Түркия республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз: Тамыры бір халықтардың Тәуелсіздігін ең алғаш танып, құттықтаған Түркия Орта зиядағы түркі мемлекеттерімен мәдени-рухани және саяси-экономикалық байланыс орнату арқылы қаншама жылдар жан-жақты үзіліп қалған байланысты Тәуелсіздіктен кейін жандандыру қол жеткізді. Әлемдік саясаттағы жағдайлар мен мәселелерді шешуде Түркия мен Қазақстан бір ұстанымда, кейде бірін-бірі қолдап  отыратыны нағыз бауырластық үлгісі деді – Бас консул Р.Қ.Йылмаз сөзін ары қарай жалғап: Тәуелсіздіктен осы күнге дейінгі Қазақстан жетістігі ҚР Президенті Н.Назарбаевпен тікелей байланысты екенін атып өтіп: «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» Түркі халықтарының рухани, мәдени және ғылыми бірігуіне ерекше жол көрсеткен стратегиялық құжат екенін жеткізді.

Мінбеге шыққан Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің ректоры профессор Сабри Хизметли: Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық тәлім-тәрбие, ғылым-білім саласына ерекше көңіл бөлді және дамытты. Соның арқасында бейбітшілік сүйгіш қоғам қалыптастырды. Және бейбітшіліктің арқасында қазір әлемде құрмет биігіне шығып отыр – деді.

Тәуелсіздік арқасында өз еркіндігімен таңдаған жолмен Қазақстан көп жетістікке жетті. Ең маңызды жолдың бірі ретінде ғылым, білім және мәдениетті дамытуда ауқымды еңбектер атқарылды. Сондай-ақ халықаралық байланыста да осы салаларды алға қойып отырды. Осы бағытта Қазақстан мен Түркия арасында орнаған рухани байланыстың айқын айқын көрінісі 1993 жылы іргесі қаланған Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін атап көрсетуге болады. Сол университет жанынан құрылған Еуразия ғылыми-зерттеу институты ретінде тәуелсіз Қазақстанның халықаралық және аймақтық мәселелердегі орны мен роліне қатысты зерттеулер жүргізіп, осы уақытқа дейін атқарылған іс-шаралар мен болашақта зерттелетін тақырыптарға қатысты жоспарларымен бөліскен институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер, Қазақстанның дамуына үлес қосуды жалғастыра беретінін жеткізді.

Сөз соңында Вакур Сумер, келген қонақтар мен барша қатысушыларды Республиканың 27 жылдық Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Атажұрт Қазақстанның бұдан да биік жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

Өткен тарихтан да белгілі Алтай тауларынан басталған түркі халықтарының тамыры бүгінге дейін үзілмей келе жатыр. Бауырмалдығы мен туысқандық қасиетін әр кезеңде құрмет биігінде ұстайтын Түркі халықтары  мереке және басқа күндерде де бірге.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450