Сенбі, 12 Сәуір 2025
5837 0 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 14:18

Бақытжан Тобаяқов. Желтоқсан желі

Желтоқсан желі

Тәуелсіздік дәмі қандай-татығам,

Өткенді ойлап талай таңды атырам.

Желтоқсанның ызғарында, желінде,

Сыртқа шықты ішімдегі запыран.

 

Сыртқа шықты зорлық пенен зомбылық,

Үстемдік пен жәбірлену, қор қылық.

Желтоқсанның желі өңменнен өтті ғой,

Әлі күнге келеді ол тоңдырып.

 

Момын едік,

Тоңып едік ызғардан,

Тапталғанды бойымдағы ізі арман.

Талатқанда иттеріне аямай,

Жүрегімде жазылмайтын із қалған.

 

Ойым анық,

Мойымадық тік тұрдық.

Бүгіп белін отаршының,бүктірдік.

Ар-намысын жібермейтін ешқашан,

Әлемге біз қазақ атын ұқтырдық.

 

Қысымына қысталаңда қыңбадық,

Абақтыға қаматқанда сынбадық.

Атамекен, жерім,елім үшін деп,

Өшпейтұғын өлең- жырды жырладық.

 

Не көрмедік, бастан өтті зобалаң,

Есімде ғой жастар біткен  толы алаң.

Тауқыметін тартып бірге нәубеттің,

Әлі күнге зар илейді сол анам.

 

Бостан болдық,енді көзім қырағы,

Көз алдымда Желтоқсан – қыс тұрады.

Алаулайды әлі құрбан жастардың,

Сол алаңға мәңгі жаққан шырағы!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4610
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3636