Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2860 0 пікір 3 Мамыр, 2011 сағат 07:53

Кишор Мағбубани. Америка, кері кетіп барасың!

Төменде Сингапур ұлттық университеті Ли Куан Ю қоғамдық саясат мектебінің (Скул оф паблик полиси) деканы Кишор Мағбуданидің бүгінгі АҚШ қоғамы мен Батыс әлеміне қатысты берген сұхбатының қысқаша мазмұны беріліп отыр.  Мағбубани бұдан бұрын отыз үш жыл Сингапурдің дипломатиялық қызметінде жұмыс атқарған. Сондай-ақ ол «Жаңа Азия жартышары», «Азиялықтар ойлана ма?» «Бейкүнә дәуірден соң» еңбектерінің авторы.

«Абай-ақпарат»

АҚШ немесе Батыстың ислам әлеміне жасаған әр қадамы Қытай еліне кәдімгі геосаяси сыйлық секілді. Қытай ішінен Америкаға (АҚШ Ливияға араласқан кезінде): «Алға бас, жарайсың! Ислам мемлекеттерін толығырақ танып-біле түс! Маған жол ашып бер!»  деп отырғаны анық.

Егер сіз қалыптасқан жағдайға тереңірек көз жүгіртетін, болашақты жүйелі  бағамдай алатын американдық болсаңыз, АҚШ- ты әскери, экономикалық тұрғыдан ғана емес, басқа да салалар бойынша басып озатын қауқары бар жалғыз ел - Қытай екенін түсінесіз.

Ислам әлемі мына мен тұрғанда да , сен тірі тұрғанда да Америкадан асып түсе алмайды. Сондықтан Америка өз ресурсының  90%-н Қытайды, қалған 10%-н ислам әлемін басқаруға жұмсайды.

Ал Америка қазіргі таңда ресурсының 90%-н Ислам әлеміне: Ирак, Ауғанстан, Палестина немесе Ливияға жұмсап отыр, керісінше  Қытайға 10%-ақ пайыз арнап отыр. Осылай жалғаса берсе, Америка өзінің геосаяси әлсіздігін бүкіл әлемге масқара етеді.

АҚШ Қытаймен ұзақ мерзімді өміршең серіктестік құрып, қатынасқа түсуі тиіс. Сонымен қатар ол (АҚШ)  Қытайда демократия орнату туралы арманынан бас тартуы керек.

Сіздер (американдықтар) Қытайға іштеріңізден жамандық тілеп отырған шығарсыздар, бәлкім, бірақ, геосаяси жоспарлаушы ретінде әр нәрсені жеті рет пішіп бір рет кесуіңіз тиіс-ті.

Қытай күн өткен сайын күш алып бара жатыр. Қытай күшейген уақытта сіздер сол күйінше араб мемлекеттерінен көз алмай, солардың ішкі былығына уақыт өткізіп отырғанда, олардан (қытайлықтардан)  уақыт жағынан ұтылып жатырсыздар.

Менің көптеген мақалаларым Батыс оянуы керек деген оймен айтылған. Мен Батысқа да, американдықтарға да қарсы емеспін, алайда көпшілік ішінде мен туралы сондай пікір қалыптасқан. Тек сіз ұстанып отырған саясат өздеріңіздің ұзақ мерзімді геосаяси және экономикалық қызығушылықтарыңызға  қарсы әрекет етіп жатыр. Батыс не шешсе, басқа әлем де соған бағынатын заман болды. Ол 200 жылға созылған дәурен еді. Өтті, кетті, бітті.

Қазір Батыс әлемі қалған әлем оның заңымен өмір сүргісі келмейтінін, прагматикалық, мейілінше жаңаша ойлайтын елдердің қатары артып келе жатқанын  түсінуі керек. Азия елдерінің АҚШ немесе басқа да Батыс елдерінен үлкен артықшылығы олар - прагматик және уақытқа икемді. Ал Америка қандай? Америка - идеологикалық және  догматикалық мемлекет. Американың Азия елдерінен  үйренері көп.

Өкінішке орай, америкалық зиялы қоғам арасында мынадай байлам басым: «Әлемде бізден асқан ұлы мемлекет бар ма?», «біз керемет емеспіз бе?»

Иә, олар Батыстың күші америкалық күшпен қоса алғанда әлсіреп бара жатқанын сезбей келеді.

АҚШ-тың қырғи қабақ соғыстағы жеңісінен кейін Оңтүстік Шығыс Азияның есігі ашылды. «Біз ешқандай әлемді қажет етпейміз, ұмытамыз сендерді»  деп Америка сол кезде кеудесін керіп шыға келді.

Қытай ақырын жүріп, анық басып,  ұстамды қалпынан аумай, салиқалы саясатының арқасында алға басып келеді. Мен Қытайдың іс-қимылына дән ризамын. Қытайдың басқа әлемге қатысты астыртын, жүйелі түрде жүргізетін,  алдын ала мақсатты саясатына таң қалуға болады. Ал американың саясаты өзімшілдіктен аспайды.

Егер сіз әлем елдерінің экономикасы қандай деңгейде дамығанын білгіңіз келсе, Еуропаға немесе Америкаға бармай-ақ қойыңыз. Ең дұрысы Азияға барыңыз. Расында, әлемде ең ұтымды басқару жүйесі Сингапур деп ұялмау айта аламын. Тіпті Қытайды алып қараңыз.

Айтқан пікіріме дәлел келтіре кетейін. Нью Йоркте он жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан біреуден күніне мыңдаған көлікті өткізетін Тапан Зи көпірі енді он жылға ғана шыдайтынын естідім. Бұл жағаңды ұстататын жай емес пе? Осы арада сіздер бір өзенге бір көпір сала алмай отырғанда, Қытай әлемдегі ең жүйрік пойызын құрастырып, мықты аэропорттар салып тастады.

Менің бірнеше рет Шанхай әуежайынан Нью Йоркке (JFK әуежайы) ұшқаным бар. Сенесіздер ме, мен әр сапарымда  бірінші әлемнен үшінші әлемнің бір еліне ұшып барғандай сезімде боламын. Ал  американдықтар қаншалықты артта қалғандарын білмейді. Елді басқаруды басқа мемлекеттерден үйрену керек деген идея американдықтардың ойларына да келмейді. Қытай болса үйренуге әркез дайын. Қытай өз уақытын әлем елдерінен тәжірибе жинақтауға өткізеді, ал Америка керісінше іс- әрекетке барып отыр.

Сонымен, мен Америкаға уақыттың жеткенін ескерткім келеді. Уақыт енді сізге пайда әкелмейді. Әйткенменде, әзірге  әлем елдерінің алдында Американың беделі баршылық. Осы қорды Американың ұзақ мерзімді саясатына дұрыс пайдалануға тырысу керек. Уақытты текке өткізіп алмаңыздар.

Дереккөзі - «Си-эн-эн»

Ағылшын тілінен аударған - Эльмира Асқарқызы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366