Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1917 0 пікір 14 Маусым, 2009 сағат 20:01

Батыстағы бокс бәсекесі

Ерке сылқым Ақжайықтың жағасындағы әдемі қала Орал шаһарында сейсенбі күні сәске түс ауа басталған Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем кубогының екі дүркін иегері, екі мәрте Еуропа чемпионы Серік Қонақбаев жүлдесі үшін халықаралық байрақты бәсеке осы аптаның соңына дейін жалғасады.
Бастапқыда 15 елдің былғары қолғап шеберлері бақ сынайды деп күтілген турнирде Қазақстанға қоса, Әзірбайжан, Ресей және Қырғыз елінің тастүлектері бақ сынауда. Қазақстан бокс федерациясы атқарушы директоры Жанболат Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, біраз елдің құрамасы жарыстар кестесінің тығыздығына байланысты, ал енді кейбірі қаржылық дағдарыстың кесірінен Оралға келе алмаған. Соның өзінде Орал рингінде 11 салмақ дәрежесі бойынша ұзын саны 107 боксшы майдан салуда.

– Бұл турнир халықаралық әуесқой бокс федерациясының ұйғарымына сәйкес ұзақтығы 3 минуттан тұратын (үзіліс 60 секунд) үш раундтық жүйе бойынша өтуде. Менің ойымша, бұл – нағыз көңілге қонымды тәсіл. Өйткені осы жүйе арқылы боксшының техника-тактикалық шеберлігіне қоса, физикалық дайындығын да нақты анықтауға мүмкіндік мол, – дейді еліміздің батысында өтіп жатқан бокс бәсекесінің бас төрешісі, ресейлік Валерий Лаптев. (Көзіқарақты жанкүйер В.Лаптевтің кезінде Қонақбаевтың негізгі қарсыластарының бірі болғандығын ұмыта қоймаған шығар). Ал турнирдің ашылу салтанатына арнайы келген ҚР әуесқой бокс федерациясының вице-президенті, даңқты боксшы Серік Қонақбаев:
– Биылға дейін Шымкентте өткізіліп келген турнирді Оралға көшіруіміздің басты себебі Батыс Қазақстан облысының боксшылары соңғы жылдары тым жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мына дода Орал өңірінің аумағында бокстың кең қанат жая түсуіне тың серпін берері кәміл. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтей ағамызға бүкіл шаруаның орайын келтіруге ұйытқы болғаны үшін ризамын. Сонымен қатар облыстық бокс федерациясының президенті Мүсілім Оңдағанов та турнирдің жақсы өтуі үшін білек сыбанып кіріскені көрініп тұр, – деп пікір білдірген болатын.
Сонымен, турнирге Қазақстан құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасына қатысқан Мерей Ақшалов, Қанат Әбутәліпов еліміздің үш мәрте чемпионы, қарағандылық Ермек Серіков сынды сайыпқырандар атой салуда. Ал айыр қалпақты ағайындардың үміткерлері бірінен соң бірі жарыс жолынан шығып қалып жатса, есесіне Қап тауынан келген әзірбайжандықтардың қарқыны қатты. Әрине, ресейліктер де таяқ жеу үшін келмегені анық...

Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН, Орал қаласы
«Айқын» газеті, 12 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656